скачать русское порно торрент
НОВОСТИ
физическая культура и спорт
You are here:   7 AWG Волонтерларға Азиада волонтерлары

Азиада волонтерлары

16.12.2009 10:53
Печать PDF
      Даму бағдарламасына сәйкес Азиада 2011 өткізу үшін 3500: 1500 Астанаға және Алматыға 2000 волонтерларды қабылдау талап етіледі.

     Волонтерлар – еңбектері ақшамен төленбейтән адамдар. Өзінің көмектеріңіз үшін командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды, шешім қабылдауды, көптеген қызықты адамдармен араласу тәжірибесін алуды және көптеген әсер алуды ала аласыз.

      7-қысқы Азия ойындарының волонтерлары 2 топқа: негізгі – көшбасшылық және қосалқы- командалық топтарға бөлінген. Көшбасшының әрбіреуі өз командасын құрайды, онда бекітілген секторлардың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты 5-тен 10-ға дейін адам болады.

                  Азиада 2011 волонтерлар қызметі 11 бағытқа бөлінген:
1. Әкімшілік
2. «Мәдени Азия» жобасына қызмет ету
3. Рәсімдер
4. Аккредитация
5. Спортшыларды және ресми тұлғаларды алып жүру
6. Аудармашылар
7. Орналастыру қызметі және туризм
8. Көліктік қамтамасыз ету
9. Медициналық қызмет көрсету
10. Қауіпсіздік
11. Қоғаммен байланыс, баспасөз
Аталған бағыттардың әрбіреуі жеке білім мен дағдыны талап етеді.

Әкімшілік

Волонтерлерге қысқы Азия ойындарын өткізу кезінде әрекет ететін барлық құрылымдар мен бөлімшелердің келісілген жұмысын қамтамасыз етуіне арналған әр түрлі әкімшілік міндеттерді орындау тапсырылатын болады.
Олардың негізгі міндеттеріәрекеттердің біркелкілігі, соның ішінде Волонтерлық қызмет штабының жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
1. Қатысушыларды тіркеу.
2. Волонтерлық қызмет штабының жұмысына қатысты алынған ақпаратты өңдеу және талдау.
3. 7-қысқы Азия ойындарына арналған іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын мобильді штабтар мен барлық волонтерлардың жұмысын үйлестіру.

«Мәдени Азия» жобасына қызмет ету
Осы іс-шараларға «Мәдени Азия» бағдарламасы кіреді, ол кезде Азия модасының апталығын, азия елдерінің ұлттық дәстүрлеріне арналған әр түрлі көрмелер мен конкурстар өткізу жоспарланған.
1. Командада жұмыс және волонтерларды тарту.
2. Іс-шараны ұйымдастыруда көмек көрсету.
3. Бағдарламаға тікелей қатысу.
4. Астана мен Алматы қалаларында әкімдіктердің жауапты қызметкерлерімен тікелей жұмысты үйлестіру.
5. Азиада 2011 көрмелеріне, жәрмеңкелеріне және басқа да мәдени іс-шараларына қатысу.

Рәсімдер

2011 жылғы ең маңызды оқиғаларының бірі – Астана қаласында 2011 жылдың 30 қаңтарында Қадымұқан Мұңайтпасов стадионында өтетін Ашу салтанаты.

1. БАҚ қонақтары мен қызметкерлерін орналастыру.
2. Адамдық ағымды бағыттау.
3. Спортшыларды қолдау топтарының және т.б. жұмысын үйлестіру және бақылау.

Ашылу салтанатына қатысу адамдық ресурстарды басқару саласында тәжірибе алуға, командалық қызмет дағдыларын жақсартуға, көшбасшылық қасиеттерді жақсартуға, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жөн табуға және іс-шараға қатысатын барлық қатысушыларды жұмысты үйлестіруді үйретуге мүмкіндік береді.

Аккредитация

Волонтерлардың тағы да көмегі қажетті келесі бағыт – бұл аккредитация. Аккредитация барлық қонақтар мен қатысушыларды, сондай-ақ БАҚ өкілдерін тіркеуді және есепке алуды ұсынады.

1. Аккредитациялық орталықтарда көмек.
2. Қонақтар мен қатысушыларды, сондай-ақ БАҚ өкілдерін тіркеу базасымен жұмыс жасау.
3. Аккредитациялық бейдждарды беру.
4. Деректер базасын жүргізу.

Сіз соңғы IT-технологиялармен танысуға, өзіңізді үйлестіруші ретінде көрсетуге, өздігіңізден шешім қабылдауға, сондай-ақ Азиада 2011 қонақтарымен, көбінесе олар басқа елдердің өкілдерімен, араласу арқылы коммуникациялық дағдыларды дамытуға мүмкіндік аласыз.

Спортшыларды және ресми тұлғаларды алып жүру

Шамамен 5000 шетел қонақтарының, Азия Олимпиадалық кеңесі мен Азия елдерінің Ұлттық Олимпиада комитеттерінің 200 өкілдерінің келуі жоспарланған.

1. Жарыстардың жоғары мәртебелі қонақтарына, делегацияларына және қатысушыларына ілесіп жүру.
2. Аудармада көмек көрсетуде, туристік бағыттар мен Азия ойындар бағдарламасы жөніндегі қажетті ақпараттарды ұсынуда көмек көрсету.

Аудармашылар

Жоғарыда аталғандар негізінде, волонтерларды қабылдаған кезде соңғы кезеңде олардың ағылшын, қытай, жапон, корей, араб және азия континенттерінің басқа тілдерін меңгеруге көңіл бөледі.
Шетел тілерін жақсы меңгерген волонтерлар аудармашылар ретінде қызмет етеді, олар жақсы тілдік тәжірибе алуда (жазбаша аудармада және тіл меңгермейтін адамдармен ауызша араласуда) мүмкіндік береді.

1. Қажет болған жағдайда қонақтар мен қатысушыларға аударма қызметтерін ұсыну.
2. Тіркеу құжаттарын толтыруда көмек көрсету.
Спортшылар мен ресми тұлғаларға ауызша, жазбаша аудармада көмек көрсету.

Орналастыру қызметі және туризм

Барлық кезеңде Қазақстан өзінің қонақжайлылығымен, жан жылуымен және ақкөңілділігімен танылған. Аса ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында біздің елімізге 7-қысқы Азия ойындарының волонтерлары аталған бағытта белсене қатысатын болады.

1. Әуежай мен Вокзалдарда қонақтар мен қатысушыларды қарсы алу және шығарып салу.
2. Сheck-in (check-out) ресімдеу кезінде қонақ үйлерде көмек көрсету.
3. Келу орны бойынша, қала және спорттық нысаналар бойынша көліктік құралдарды ұйымдастыруда көмек көрсету.
4. Қаланың көрнекті жерлері туристік бағыттарды және қажетті ақпарат бойынша ақпаратты ұсыну.

Көліктік қамтамасыз ету

Азия ойындарын ойдағыдай өткізу тікелей көлік құралдарының үйлесімді жұмысына байланысты.

1. Жол жүру кезінде Азиада 2011 қонақтары мен қатысушыларына ілесіп жүру.
2. Көлікті уақытында беру.

Қоғаммен байланыс, баспасөз

Қазақстандағы 7-қысқы Азия ойындарын тарату үшін волонтерлар көмегін қажет ететін 500 БАҚ өкілдері шақырылған болатын.

1. Материалдарды, баспа-релиздерді дайындауда, ақпарат жинауда көмек көрсету.
2. Іс-шара өтетін орындардан фото есептерді, мини-репортаждарды ұсыну.
3. Теле- және радиотаратуды ұйымдастыруға көмек көрсету.
4. Пресс-конференцияларда БАҚ тіркеу.
5. Іс-шара өтетін, тұратын және комиссия отырысы өтетін орындарда пресс-конференцияларды, сұхбаттарды ұйымдастыруға көмек көрсету және қатысу.
6. Орындарда үйлестірушілермен тура байланыс.

Медициналық қызмет көрсету

Азиада 2011 волонтерлары күтпеген және төтенше жағдайлар болатын адамдардың көп жиналған жерлерінде болады. Тез әрекет ете, қиын сәтте қолдау көрсете және өмірді сақтап қалу үшін алғашқы медициналық көмек көрсете алу қажет.

Қауіпсіздік қызметі

Волонтерлар қауіпсіздігін қолдау үшін қауіпсіздіктің локалды қызметіне көмек көрсетеді; іс-шараларды өткізу орындарында кез-келген күдікті бөгде заттар туралы ақпарат береді.

Азиада 2011 волонтеры ретінде жұмыс жаңа мүмкіндіктер ашады:
- университетте оқуын жалғастыра және жұмыс орнын сақтай отыра жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі;
- шетел тілін білуді жақсарту мүмкіндігі;
- көшбасшы қасиеттерін, командада жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жаңа адамдармен танысу мүмкіндігі.

Азиада 2011 еңбек етуге барлық жағдай жасалған, Ұйымдастырушы комитет волонтерларға ақысыз негізде ұсынады: киім-кешек, тамақтану, көлік және байланыс қызметтері, сондай-ақ әрбір волонтерға волонтердың жеке кітапшасы (ВЖК) беріледі, ол – волонтерлардың өткен семинарлары мен жұмыс өтілін есепке алуға арналған құжат. ВЖК тіркеген сәттен бастап волонтерлар меншігіне ауысады және басқа ұйымдарда жұмыс жасаған кезде қолданылуы мүмкін.

Жұмысты табысты аяқтағаннан кейін волонтерлар алғыс хат алады.

Кім де кім ыолонтерлар қатарына қосылғысы келсе,
мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз:
Иманов көшесі, 13 Б
"Нұрсәулет" бизнес-орталығы, 2 блогы,
5 -қабат, кеңсе 508,
9-дан 18:00 дейін
Дүйсенбіден жұмаға дейін

Анықтамалар тел. бойынша : 738-771

Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

скачать торрент спорт