2011 жылы Астана-Алматы қалаларында өтетін
7-қысқы Азия ойындарының волонтерлық бағдарламаcы туралы
ЕРЕЖЕ
І. ЖАЛПЫ ҰСТАНЫМДАР
1.1. 7-қысқы Азия ойындарының (бұдан әрі - Ойындар) волонтерлық бағдарламасы волонтерлық қозғалыстың халықаралық қағидаларына сәйкес әзірленген және 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге шақырады.
1.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер Бағдарламасы халықаралық стандартына сәйкес, волонтерлар болып саналады:
- өз еркімен;
- пайда табу мақсатынсыз;
- қоғам игілігіне (адамдардың өзара қатынастарын дамыту игілігіне) қызмет ететін адамдар.
Волонтерлар – 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын (бұдан әрі - Ойындар) дайындау мен өткізу орындарында қызмет ету міндетін өзіне алатын, «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) шақырылатын және басқарылатын аккредитацияланған персонал.
ІІ. ВОЛОНТЕРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2.1. Ұйымдастыру комитетіне 7-қысқы Азия ойындарының волонтерлық бағдарламаның ең басты мақсаты қызмет көрсету және жоғары деңгейде Ұйымдастыру комитетіне Ойындарды ұйымдастыру мен өткізуде көрсету болып табылады.
2.2. Волонтерлық бағдарламаны әзірлеу және іске асыру ел дамуының бастапқылығына және «2006-2011 жылдарға Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен стратегиялық бағдарламасымен белгіленген қажеттіліктеріне негізделеді.
2.3. Волонтерлық корпусты қалыптастырған кезде сервис жаңа формаларын енгізу қажет, қызметтердің сапасы мен санын көбейтуге назар аударған абзал, ол өз кезегінде волонтерлық қозғалыс қызметін көрсету кезінде достық қарым-қатынасты қалыптастыруда білінеді.
2.4. Волонтерлар жұмысына Республиканың басқа да қалаларынан, областарынан, әр түрлі әлеуметтік шеңберлерлерінен шет ел мемлекеттерінен тартылуы мүмкін, бұл айқындылық пен ашықтықты білдіреді және ол волонтерларға өздерінің жақсы сапасын көрсетуге мүмкіндік береді.
ІІІ. МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
3.1. Волонтерлық бағдарламаның мақсаттары:
3.1.1. 7-қысқы Азия ойындары кезінде және одан кейін волонтерлық қызмет көрсету;
3.1.2. 7-қысқы Азия ойындарының (бұдан әрі – Ойындар) идеясын халық арасында және біріншіден жастар арасында насихаттау және идеяны тарату, Азия елдерінің ынтымастықтығы мен дамуын және достастығын нығайту.
3.2. Волонтерлық бағдарлама міндеттері:
3.2.1 спорт жарыстарын ұйымдастыруда көмек көрсету;
3.2.2. шақырылған елдердің делегациаларына көмек көрсету;
3.2.3. спортшыларға, жаттықтырушыларға және қонақтарға қажетті ақпарат беру;
3.2.4. бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне көмектесу;
3.2.5. аударма қызметтері;
3.2.6. бірінші медициналық қызмет көрсету орталықтарында көмек көрсету;
3.2.7. іс-шаралар өтетін орындарға персоналды жеткізуге көмек көрсету.
ІV. ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ
4.1. Ойындардың волонтерлық бағдарламасына жалпы басшылық Ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырылады.
4.2. Ұйымдастыру комитеті Астана қаласы Әкімдігінің «ҮІІ қысқы Азия ойындарын және Олимпиада алауы эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекция» МКҚК және Алматы қаласы Әкімдігінің "2011 жылғы қысқы Азия ойындары дирекциясы" МКҚК-мен бірлесе волонтерлардың тізімдерін, санын, біліктілігін және де Ойындар өткізу кезіндегі олардың уақыты мен жұмыс орындарын анықтайды.
V. ВОЛОНТЕРЛАРДЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІ
5.1. 7-қысқы Азия ойындарының волонтерлары 2 топқа бөлінеді: негізгі – көшбасшылық және қосалқы – командалық болып бөлінеді. Көшбасшылардың біреуі бекітілген секторлардың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты 5-тен 10 адамға дейін болатын өз командасын құрады.
5.2. Азиада волонтерларының қызметі 11 бағыттан тұрады:
5.2.1. Әкімшілік
Аталған бағыттар жұмысы менеджмент мен әкімшілік саласында өзінің дағдыларын жақсартқысы келетіндерге қызығушылық тудыратын болады, қысқы Азия ойындарын өткізу кезінде қолданылатын барлық құрылымдар мен бөлімшелермен ынтымақтасу мүмкіндігін ашады.
Қызметтің негізгі міндеттері Волонтерлар қызметі штабының жұмысын қамтамасыз ету болып табылады, соның ішінде:
- қатысушыларды тіркеу;
- волонтерлар қызметі штабының жұмысына қатысты алынған ақпаратты талдау және өңдеу;
- 7-қысқы Азия ойыгндарына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын барлық волонтерлардың және мобильді штабтары жұмыстарын үйлестіру.
5.2.2. «Мәдени Азиада» жобасына қызмет көрсету
Осы іс-шараларға «Мәдени Азиада» бағдарламасы кіреді, ол кезде Азия модасы аптасын өткізеді, Азия елдері ұлттық дәстүрлеріне арналған барлық конкурстар мен көрмелерді өткізу жоспарланған.
Волонтерлар міндеті болып табылады:
- командада жұмыс жасау және волонтерларды тарту;
- іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету;
- бағдарламаға тікелей қатысу;
- Астана және Алматы қалалары Әкімдіктерінің жауапты қызметкерлерімен үйлестіру;
- Азиаданың көрмелерінде, жәрмеңкелерінде және басқа да мәдени іс-шараларында жұмыс жасау.
5.2.3. Рәсімдер
Азиаданың маңызды және ашық оқиғаларының бірі – «Астана-Арена» стадионында Астанада 2011 жылғы 30 қаңтарда болатын Ашылу салтанаты. Волонтерлар алдына келесі міндеттер қойылады:
- қонақтар мен БАҚ қызметкерлерін орналастыру;
- адамзат ағымдарын бағыттау;
- спортшылар мен т.б. қолдау топтары жұмыстарын үйлестіру мен бақылау.
Саланатты ұйымдастыруға қатысу адамзат ресурстарымен басқару саласында баға жетпес тәжірибе алуға, командалық қызмет дағдыларын жақсартуға, көшбасшы сапасын дамытуға, сондай-ақ төтенше жағдайларда хабардар болуға және іс-шараға қатысты барлық қатысушылардың жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.
5.2 4. Аккредитация
Волонтерлар көмегі қажет болатын келесі бағыт – бұл аккредитация. Аккредитация барлық қонақтар мен қатысушыларды, БАҚ өкілдерін тіркеу және есепке алуды ұсынады.
- аккредитациялық орталықта көмек;
- қатысушылардың, қонақтардың және БАҚ қызметкерлерінің тіркеу базасымен жұмыс жасау;
- аккредитациялық бейдждерді беру;
- деректер базасын жүргізу.
Волонтерлар соңғы IT-технологиялармен танысуға, үйлестіруші ретінде өзіңізді көрсетуге, өздігінен шешім қабылдауға, сондай-ақ Азиада қонақтарымен, көбінесе басқа елдер өкілдерімен араласу дағдысын дамытуға мүмкіндік аласыз.
5.2.5. Спортшыларды және ресми тұлғаларды алып жүру
Шамамен 5000 шетел қонақтары, сондай-ақ шамамен Азия Олимпиадалық кеңесі мен Азия елдері Ұлттық Олимпиада комитеттерінің 200 өкілдері келу жоспарланған. Осыған орай, волонтерлар келесі міндеттерді атқарады:
- жоғары мәртебелі қонақтарына, делегациялары мен жарысқа қатысушыларына ілесіп жүру;
- Азия ойындары бағдарламасы бойынша қажетті ақпарат пен туристік бағыттарды ұсыну, аудармада көмек көрсету.
5.2.6. Аудармашылар
Жоғарыда аталғандардан, волонтерларды қабылдаған кезде ағылшын, қытай, жапон, корей, араб және Азия контитнентінің басқа да тілдерін меңгеруге көп көңіл бөлінеді.
Шет тілдерін жақсы меңгерген волонтерлар аудармашылар ретінде жұмыс атқарады, ол жақсы тіл саясатын алуға мүмкіндік береді (жазбаша аудармада және тілді меңгермеген адамдармен ауызша қарым-қатынаста).
- қажет болған жағдайда қонақтар мен қатысушыларға аударма қызметтерді көрсету;
- тіркеу құжаттарды тіркеуде көмек көрсету;
- ауызша, жазбаша аудармада спортшылар мен ресми тұлғаларға көмек көрсету.
5.2.7. Орналастыру қызметі және туризм
Барлық кезде де Қазақстан қонақжайлылығымен, кең құшағымен әйгілі болған. Біздің елге келген кезде аса ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 7-қысқы Азия ойындарының волонтерлары аталған бағытта белсенді қатысатын болады, соның ішінде:
- әуежайлар мен вокзалдарда қонақтар мен қатысушыларды қарсы алу мен шығарып салу;
- қонақ үйлерде жұмыс - check-in (check-out) ресімдеу кезінде көмек;
- келу орындарында, қала және спорттық нысаналар бойынша көлік құралдарын ұйымдастыруда көмек көрсету;
- қаланың көрнекі жерлерінде және басқа да қызықтырушы ақпарат бойынша туристік бағыттарды ұсыну.
5.2.8. Транспорттық қамтамасыз ету
Азия ойындарын табысты өткізу тікелей көлім жүйесінің жұмысын үйлестуге байланысты. Волонтерлар қамтамасыз етеді:
- жол жүру кезінде Азиада қатысушылар мен қонақтарына ілесіп жүруді;
- көлікті уақытылы беруді.
5.2.9. Қоғаммен байланыс, баспасөз
Қазақстанда 7-қысқы Азия ойындарын тарату үшін волонтерлар қызметін қажет ететін 500 БАҚ өкілдері шақырылады. Волонтерлар қызмет көрсетеді:
- материалды, баспа-релиздерді, ақпарат жиындары дайындауда көмек;
- фотоесептерді, іс-шара өтетін жерден мини-репортаждарды ұсыну;
- теле- және радиотаратуда көмек;
- пресс-конференцияларда БАҚ тіркеу;
- пресс-конференцияларға қатысу, іс-шараны өткізу, тұру және комиссия отырыстары орындарынан сұхбат;
- орындарда үйлестірушілермен тура байланыс.
5.2.10. Медициналық қызмет көрсету
Азиада волонтерлары төтенше жағдайлар болатын кезде адамның көп жиналған жерінде болулары тиіс. Тез шешім қабылдау, қиын кезде қолдау көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету өмірді сақтап қалуы мүмкін.
5.2.11. Қауіпсіздік
Волонтерлар қауіпсіздігін қолдау үшін қауіпсіздіктің локалды қызметіне көмек көрсетеді; іс-шараларды өткізу орындарында кез-келген бөтен заттар туралы ақпарат береді.
VІ. ВОЛОНТЕРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
6.1. Волонтерларды қабылдау 2010 жылдың 10 маусымын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
6.2. Қабылдау Ұйымдастыру комитетінде белгіленген өтінім беру сауалнамасының үлгісі немесе www.astana-almaty2011.kz сайтында деректер базасында тіркеу бойынша жүзеге асады.
6.3. Волонтерларды қабылдау тәртібіне кіреді:
- кандидаттың тіркеу;
- әңгімелесу және кандидат жұмысының бағыттарын анықтау;
- оқыту;
- кандидатты аттестациялау және бекіту.
VІІ. ВОЛОНТЕРЛАРДЫ ОҚЫТУ
7.1. Аккредитациядан өткен барлық волонтерлар міндетті түрде волонтердарды оқытатын семинарға қатысуы қажет.
7.2. Семинарлар Ұйымдастыру комитеті белгілеген уақытта және келесі басты тақырыптар бойынша өтеді:
7.2.1. « Қысқы Азия ойындары. Тарихы және рөлі»;
7.2.2. «Қатысушы елдердің этикасы мен мәдениеті»;
7.2.3. «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары волонтерлары қызметі бағыттарының ерекшеліктері».
ҮІІ. ВОЛОНТЕРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8.1. Волонтерлердың құқығы:
8.1.1. Ойындардың өткізу жайында хабарды алуға;
8.1.2. Өзінің конституциялық құкықтарын қорғауға.
8.2. Волонтерлар міндетті:
8.2.1. Ойындардың негіздерін ұстануға және олардын рухын мадақтауға;
8.2.2. Ұйымдастыру комитеті қойған талаптарға бағынуға;
8.2.3. Ұйымдастыру комитетінің құпия деп саналған ақпаратын құпияда сақтауға;
8.2.4. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға;
8.2.5. Волонтерлардың жиналыстарына және оқу семинарларына қатысуға;
8.2.6. Ұымдастыру комитеті белгілеген жерге және уақытта жұмыс атқаруға;
8.2.7. Барлық оқу барысында және ойындар өтетін кезде көрнекті болуға;
8.2.8. Ұйымдастыру комитеті берген униформаларға, реквезиттерге және басқа да берілген жабдықтарға ұқыпты болуға;
8.2.9. Қайтаруға жататын заттарды тиісті түрінде қайтаруға.
ІХ. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
9.1. Ұйымдастыру комитеті кұқылы:
9.1.1. Ойындардың басталуына дейін берілген ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;
9.1.2. Кандидатқа волонтер болу құқығынан бас тартуға;
9.1.3. Жұмыстың уақыты мен орнын анықтап және дәлдеп түзетуге;
9.1.4. Волонтерларды жасаған істері тиісті болмаған жағдайда міндеттерінен босатуға;
9.1.5. Көзге түскен волонтерларды көтермелеу және марапаттауға.
9.2. Ұйымдастыру комитеті міндетті:
9.2.1. Азия ойындарын өткізетін нысаналарға бөгетсіз өтіп жұмыс атқара алатын әр бір волонтерға аккредитациялық куәлігін беруге;
9.2.2. Тегін негізінде волонтерларды униформамен қамсыздандыруға;
9.2.3. Тегін негізінде күніне екі рет жұмыс уақытында волонтерларды тамақпен қамсыздандыруға;
9.2.4. Тегін негізінде волонтерларды іс-шаралар өтетін орындарына жеткізуін қамсыздандыруға.