скачать русское порно торрент
Ошибка
  • XML Parsing Error at 1:330. Error 9: Invalid character
  • XML Parsing Error at 1:340. Error 9: Invalid character
НОВОСТИ
физическая культура и спорт
You are here:   7 AWG Қонақтарына Виза >>> Визаны ресімдеу

Визаны ресімдеу

16.12.2009 07:27
Печать PDF

Қазақстан Республикасының визасын алу ережесі туралы

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағына келу үшін, егер өзге тәртіп ҚР халықаралық шартпен белгіленбеген болса, виза қажет.

ҚР визасы төлқұжатқа немесе ҚР танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады және келу үшін жарамды, сонымен бірге ҚР келу және болу, сондай-ақ одан кету немесе ҚР аумағын транзитпен өту үшін жарамды болады.

1. Қазақстан Республикасының визасын беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімделген халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының Астана қаласында ҚР СІМ консулдық қызметі департаментіне немесе Алматыда КҚД өкілдігіне жазбаша өтінімі болып табылады.

Шетел азаматтарын туристер ретінде және іскерлік мақсатта шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясы қызметінің жергілікті бөлімшелерімен (Астана және Алматы тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының ІІБ-МІІБ КПБ) келіскеннен кейін ҚР СІМ КҚД жазбаша өтінімдерін береді

Австралия, Австрия, Андорра, Аргентина, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ватикан, Ұлыбритания, Венгрия, Греция, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея Республикасының, Коста-Рика, Куба, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Науру, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Уругвай, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Финляндия, Франция, ГФР, Хорватия, Эстония, ОАР, Ямайка, Жапония азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатта шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаттары талап етілмейді, яғни қабылдаушы ұйым шақырулары тікелей ҚР ИСМ КҚД (Астана, Алматы қ) беріледі.

Қазақстан Республикасына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге рұқсат Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен рәсімделеді.

2. ҚР визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің отырған елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық /консулдық мекемесіне төлқұжатын (немесе халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған визалық сауалнамасымен (осы жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ КҚД визалық қолдау нөмірінің белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп хабарласуы керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну қажеттігін консул орында анықтайды.

3. Қазақстан Республикасы азаматы - жұбайымен, балаларымен немесе ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтары үшін визалар жоғарыда аталған туыстарының өтінімдері негізінде бір айлық мерзімге, бірақ жыл бойына екіден артық емес (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматтары - ата-анасымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына таратылмайды) рәсімделе алады;

4. Жақын туыстарының ауырғаны немесе қайтыс болғаны жағдайда дәрігер бекіткен Қазақстан Республикасынан сәйкес халықаралық жеделхат негізінде виза рәсімдеу рұқсат етіледі.

5. Қазақстан Республикасынан кезінде шыққан - шетел азаматтарына туыстарының жеке өтінімдері (туркомпания араласуынсыз) мен төлқұжаттағы бағана, Қазақстан Республикасында туу туралы куәлігі немесе ҚР жақын туысының жерленгені туралы құжат көшірмесі, немесе Қазақстан азаматтығынан шыққаны туралы анықтама негізінде туған жерін және туыстарының зиратына бару үшін үш айлық мерзімге дейін жеке визалар беріледі алады.

6. Тарихи отанына бару тәртібін әрі қарай жеңілдету мақсатында шетелдік қазақ диаспорасының өкілдерімен, ҚР СІМ келісімі бойынша олардың жеке өтінімдері негізінде үш айлық мерзімнен жылына екі рет жеке визалар беріле алады.

7. ҚР дипломатиялық визалары дипломат төлқұжатының иелеріне және жеке дипломатиялық визаны беру мақсатқа сай емес деп танылған жағдайда беріледі. Консулдық төлемдер алынбай рәсімделеді.

8. ҚР қызметтік визалары шетел дипломатиялық және өзге өкілдер мен дипломатиялықтар қатарына кірмейтін халықаралық ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметтік істер бойынша келетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалары шақырған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

9. Инвесторлық визалар шынайы инвестор - басшыларға және Қазақстан нарығында жұмыс істейтін немесе бизнес жобаларын дамыту бойынша нақты жоспарлары бар ірі шетел компанияларының басқару буынының өкілдеріне беріледі.

10. ҚР «жұмысқа» санатынан визаны рәсімдеу үшін өзге құжаттардан басқа, егер халықаралық шартпен және ҚР келісімімен өзгесі қарастырылмаса, шетелдік жұмыс күштерін тартуға рұқсаттың болуы керек.

11. ҚР аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтінімі негізінде іскерлік мақсатпен (іскерлік келіссөздерге, түрлі форумдарға, нарық зерттеуге және т.б. үшін) ҚР келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға іскерлік визалар беріледі.

12. ҚР туристік визаларын рәсімдеу үшін туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар ҚР туристік ұйымның қабылдауы туралы растаудың болуы қажет.

2-тармақта көрсетілген ел азаматтарына, туристік ұйымдардың ҚР СІМ КҚД өтінімдері бойынша туристік визалар Астана, Алматы, Атырау, Орал және Өскемен әуежайларында ҚР СІМ консулдық тармақтарында беріле алады.

13. Оқуға визалар виза санатының атауына сәйкесетін келу мақсатында сәйкес оқу мекемелерінің өтінімдері негізінде берілетін ішкі істер органдарының (көші-қон полициясы) рұқсаты боғлан жағдайда рәсімделеді.

14. Емделуге визалар Қазақстанға емделу, медициналық тексерілу, кеңес алу және өзге балама мақсаттармен келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға шақыру сипатын растайтын сәйкес мекемелер мен ұйымдардың өтінімдері негізінде беріледі.

15. ҚР «Тұрғылықты тұру үшін» визалар белгіленген заңнамалық тәртіпте рәсімделген қажетті құжаттардың болуы жағдайда беріледі.

16. ҚР транзиттік визалар келетін еліне кіру үшін жарамды құжаттардың (визаның) және оларда ауысу тармағынан Қазақстан аумағына шығу күні ҚР аумағында орналасқан порт немесе стансаға келу сәтінен 5 тәуліктен кем емес күні расталған сәйкес жол билеттерінің болуы жағдайда рәсімделеді. Транзиттік виза бес күндік мерзімге болу құқығын береді.

ҚР визасын ұзарту ҚР СІМ КҚД мекемелерімен және ҚР ІІМ, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының МІІБ-ІІБ жүзеге асырылады.

Түрлі жағдайлармен визалық қолдауда көрсетілген визаны алу орнының ауысқаны жағдайда визаны ҚР СІМ шетелдік мекемесі шетел азаматының хабарласқан орны бойынша береді.

17. Шетел азаматтарын тіркеу.

Шетел азаматтарын ішкі істер органдарында тіркеу Қазақстан Республикасына келгеннен кейін 5 күн ішінде жүргізілуі керек.  Тіркеу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілген. Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, АҚШ, Швейцария, Швеция, Финляндия, Франция, ГФР, Жапония және Корея Республикасының азаматтары ҚР консулдықтарында визаларын рәсімдеу кезінде өз төлқұжаттарында немесе Қазақстанның 12 халықаралық әуежайларында төлқұжат - шекаралық бақылаудан өту кезінде тіркеу ала алады. Төлқұжатты шетелде консулдықта немесе ҚР 12 халықаралық әуежайында шекарада тіркегеннен кейін полиция органдарына тіркеу үшін келудің қажеті жоқ. 2006 жылғы 01 қаңтардан кейін ҚР 12 халықаралық әуежайы арқылы, «Достық -Алашанькоу» өткізу тармағы арқылы, Хоргос, Достық, Бахты, Майқапшағай, Қордай, Көлжат автомобиль  өткізу тармақтары мен Ақтау және Баутино теңіз порттары арқылы келетін бүкіл ел азаматтары тіркеуді көрсетілген шекара тармақтарында ала алады. Егер шетел азаматы көрсетілген шекара тармақтарында тіркеле алмаса, олар ол орналасқан орын бойынша көші - қон полициясында тіркеу құқығына ие бола алады.

18. Құжаттарды өңдеу және визаларды беру үшін консулдық қызметтерге төлем көлемі АҚШ долларында немесе өзара тану негізінде шетелдік мекеменің аккредиттелген елінің валютасында бекітілген консулдық алым сомасынан және нақты шығындарды өтеу сомасынан жинақталады. ҚР СІМ шетелдік мекемелерінде келетін елдің өмір сүру деңгейіне қарай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1751 қаулысымен бекітілген консулдық алымдардың негізгі ең төменгі және ең жоғарғы көлемдері шегінде консулдық алымдардың түрлі тарифтері бар.

Негізгі мөлшерлемелерге сәйкес ҚР келуге (кетуге)немесе оны үш айлық мерзімге дейін ұзартатын бір реттік виза үшін консулдық алымдар сомасы 10-30 АҚШ долларын құрауы мүмкін.

бір реттік ҚР келу - кету немесе кету - келу визасы немесе оны үш айлық мерзімге дейін ұзарту - 20-60 АҚШ доллары;

екі реттік ҚР келу - кету немесе кету - келу визасы немесе оны үш айлық мерзімге ұзарту - 30-90 АҚШ доллары;

үш реттік ҚР келу - кету немесе кету - келу визасы немесе оны үш айлық мерзімге дейін ұзарту - 35-105 АҚШ доллары;

бірнеше реттік виза немесе оны мына мерзімдерге ұзарту:

1 жылға дейін - 100-200 АҚШ доллары;

2 жылға дейін - 200-400 АҚШ доллары;

30 күнге дейінгі бір реттік туристік виза - 20-40 АҚШ доллары;

60 күнге дейінгі екі реттік туристік виза - 30-60 АҚШ доллары;

транзиттік виза - 10-30 АҚШ доллары.

19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы      № 46 қаулысына сәйкес «инвесторлық» виза тегін беріледі.

Шетелде ҚР консулдық мекемелерінде ҚР бір реттік визасын алу үшін 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген шетел азаматтарына, сондай-ақ төменде көрсетілген тізімде көрсетілген мемлекеттерден қызметтік, туристік, жеке және іскерлік мақсатта келетін, шетел азаматтарына шақырулар талап етілмейді.

Азаматтары шақыру қағазын міндетті көрсету және ҚР СІМ Қазақстан Республикасының бір реттік дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, жеке және туристік визаларын рәсімдеу нұсқауы қажеттігінен босатылған экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер тізімі

1.Австралия

2.Австрия Республикасы

3. Бельгия Корольдігі

4. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

5.Греция Республикасы

6.Дания Корольдігі

7.Ирландия Республикасы

8. Исландия Республикасы

9. Испания Корольдігі

10.Италия Республикасы

11.Канада

12. Лихтенштейн Князьдігі

13. Люксембург Ұлы Герцогтік

14. Малайзия Федерациясы

15. Монако Князьдігі

16. Нидерланды Корольдігі

17.Жаңа Зеландия

18. Норвегия Корольдігі

19.Португалия Республикасы

20. Сингапур Республикасы

21.Америка Құрама Штаттары

22.Финляндия Республикасы

23.Француз Республикасы

24. Германия Федеративтік Республикасы

25.Швейцариялық Конфедерация

26. Швеция Корольдігі

27.Жапония

29. Сауд Аравиясы Корольдігі

30.Словак Республикасы

31.Венгер Республикасы

32. Польша Республикасы

33.Біріккен Араб Әмірліктері

34.Израиль Мемлекеті

35. Хорватия Республикасы

36. Бразилия Федеративтік Республикасы

ҚР шетелдік мекемелеріне шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін ҚР СІМ визалық қолдауға бағыттау тәртібі туралы ақпарат

Визалық қолдауды рәсімдеу үшін ҚР СІМ Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарға шақырушы ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне мынадай құжаттарды береді:

1. Белгіленген нысандағы шақыру хат, (№ 1 нысаны бойынша);

2. Консулдық алымдарды (бюджеттік ұйымдар үшін талап етілмейді) және нақты шығындарды төлеу туралы төлем тапсырмасы немесе түбіртегі.

3. ҚР СІМ КҚД үстіміздегі жылы бірінші рет хабарласқан ұйым үстіміздегі жылы нотариалдық расталған жарғы көшірмесін, ҚР ӘМ тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің куәлігінің (туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензияны) көшірмелерін, салықтық қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасын береді, қаладан тыс орналасқан ұйымдар жоғарыда көрсетілген құжаттарды мына мекен-жайға жібереді:

010000, Астана қ., Тәуелсіздік ,31, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, Төлқұжаттық - визалық және консулдық - құқықтық басқарма.

не: 480091, Алматы қ, Әйтеке би, 65, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті.

Шақыру хат 3 данада дайындалады, екеуі ҚР СІМ КҚД тапсырылады, үшіншісі шақыратын тұлғаларға жөнелтіледі (поштамен, факспен, эл. Поштамен және т.б.).

КҚД 3-5 тәулік ішінде келіп түскен өтінімді өңдейді және ҚР СІМ шетелдік мекемесіне визалар беру туралы нұсқау бағыттағаннан кейін шақырушы ұйым шетелдікке қазақстандық виза алу үшін консулдық мекемеге хабарласуы үшін визалық қолдау нөмірін хабарлайды.

Виза мәселесі бойынша қабылдау күні мен сағаты: дүйсенбі, сейсенбі, Бейсенді, жұма 09 00-дан 12 00-ге дейін.

Астанада: Тәуелсіздік ,31, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, каб.№118А, тел. 8 (7172) 720194, 720575, 720479; факс: 720478, 720460.

Алматыда: Әйтеке би, 65, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, КҚД қабылдау бөлмесі, тел. 8 (7272) 720939, 720311; факс - 720843

РМҚК қызметін (бір реттік, екі, үш және бірнеше реттік виза - 01.02.2009 жылдан бастап - 1909,5 теңге) өтеу үшін төлеу (әр шақырылатын шетел азаматы үшін) мына шотқа жүргізіледі:

Алушы «ҚР СІМ ХОЗУ» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМҚК
Алушы банкі ЖСК 000609966
СТН 620300004058
КАЗКОММЕРЦБАНК АҚ
МФО 195301716 КБЕ 16
төлемнің арналу коды 890

Шақырылатын шетел азаматы үшін консулдық алым (бір реттік виза үшін визалық қолдау - 255 теңге, екі, үш және бірнеше еселік визаны визалық қолдау - 637 теңге) мына шотқа түсіріледі:

Алушы ҚР Қаржы министрлігі

е/ш 000080900 кіріс коды 108101
СТН 032200000017
(ҚР СІМ консулдық алым)

Алушы банк Астана қаласы ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті МФО 195301070 КБЕ 11
Төлемнің арналу коды 911

 

Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен консулдық мәселелер бойынша келісімдері

-  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында ҚР және РФ шекара маңылық аумақтарын тұрғындарының қазақстандық - ресейлік мемлекеттік шекараны өту тәртібі туралы келісім (2006 жылғы 3 қазан).

- Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында Консулдық конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2006 жылғы 04 шілде);

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметі арасында 2003 жылғы 17 қыркүйектегі азаматтардың өзара жол жүруі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасында 2005 жылғы 03 қарашадағы азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы;

- Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың 2000 жылғы 30 қарашадағы өзара визасыз сапар шегуі туралы келісім хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жылғы 25 қараша);

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасында азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісім (2006 жылғы 6-7 қараша).

скачать торрент спорт