скачать русское порно торрент
Ошибка
  • XML Parsing Error at 1:330. Error 9: Invalid character
  • XML Parsing Error at 1:340. Error 9: Invalid character
НОВОСТИ
физическая культура и спорт
You are here:   7 AWG Қонақтарына Виза >>> Шетел. арналған ереже

Шетелдіктерге арналған ереже

16.12.2009 07:29
Печать PDF

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және тұру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші - қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық қалпы туралы» Заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Жарлығына сәйкес әзірленді және мына:

1) шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету;

2) шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұру құқығына құжаттарды рәсімдеу;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел азаматтарының қозғалысы мен транзиттік жүріп өтуі;

4) шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін ұзарту және қысқарту, сондай-ақ қуып шығу тәртіптерін анықтайды;

2. Осы Ереже қолданысы, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленбесе, азаматтығы жоқ тұлғаларға да таралады.

3. Қабылдаушы ұйымдар мен шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына жеке іс бойынша шақырған азаматтар шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережелермен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді уақтылы түсіндірілуін, шетел азаматтарына қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағы бойынша қозғалу және олардың анықталған болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан шығу құқығына құжаттардың уақтылы рәсімделуі үшін заңнамамен белгіленген жауапты болады.

Осы Ереже талаптарын шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғалары мен азаматтарының сақталуын бақылауды ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара әрекет ете отырып ішкі істер органдары жүзеге асырады.

2. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі

4. Шетел азаматтары халықаралық және жолаушылар қатынасы үшін ашық мемлекеттік шекараның өткізу тармақтары арқылы егер өзге тәртіп Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттармен белгіленбеген болса, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжатпен (бұдан әрі - төлқұжаттар) Қазақстан Республикасына келе және Қазақстан Республикасынан кете алады.

Визаның қолданылу мерзімі шетел азаматының төлқұжатының қолданылу мерзімі аяқталуға дейін кемі 6 ай бұрын бітуі керек. <*>
Сілтеме. 4-тармаққа ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысымен өзгерістер енгізілді (қолданысқа енгізу тәртібі 2-т қара).

5. Қазақстан Республикасына келуге (келу) және Қазақстан Республикасына келу - Қазақстан Республикасынан кетуге (келу-кету) арналған визаларды шетел азаматтарына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері мен консулдық тармақтары, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының арнайы уәкілеттік берілген өкілдері береді.

6. Қазақстан Республикасына келуге (келу) және Қазақстан Республикасына келу - Қазақстан Республикасынан кетуге (келу-кету) арналған визаларды шетел азаматтарына Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ онымен уәкілеттік берілген аумақтық ішкі істер органдары береді.

Төлқұжаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде және оның өкілеттіктерінде тіркелген шетел азаматтарына кету және кету - келу визаларын беруді осы ұйымдар жүргізеді.

7. Қабылдаушы ұйым өтінімі бойынша шетел азаматтарына Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бірнеше реттік визалар берілуі мүмкін.

8.Қазақстан Республикасының визасын беру және олардың мерзімін ұзартуға негіз мыналар болып табылады:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімделген халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттері өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының жазбаша өтінімдері;

2) Қазақстан Республикасына жеке істері, туристер ретінде және мемлекеттік емес ұйымдардың шақыруы бойынша іскерлік мақсатпен немесе тұрақты орынға келетін шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары үшін ішкі істер органдарының рұқсаты.

2-1) Қазақстан Республикасына шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен анықталатын тәртіпке сәйкес шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімделген жазбаша өтінімдері.

Сілтеме. 8-тармаққа ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 595 қаулысымен өзгерістер енгізілді

9. Келу визасын беруге негіз шетел азаматының Қазақстан Республикасына келу мақсаттарына сәйкесуі керек. Қазақстан Республикасына туыстары және таныстарының шақыруымен, яғни жеке істері бойынша келетін, сондай-ақ іскерлік мақсатпен, оқуға және турист ретінде келетін шетел азаматтары Қазақстан Республикасы аумағында жұмысқа тұра алмайды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқа кезде визада көрсетілген келу мақсатымен байланысты емес өзге қызметпен айналыса алмайды.

Сәйкес рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін лицензиясыз тарту (әкелу), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарының еңбек етуіне тиым салынады.

Еңбек ету (жұмысқа) үшін Қазақстан Республикасына келуге арналған визаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері ғана, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының арнайы уәкілеттік берілген өкілдері береді. <*>

Сілтеме. 9-тармаққа ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысымен өзгерістер енгізілді (қолданысқа енгізу тәртібі 2-т қара).

10. Визалар санаты мен түрлері, оларды беру тәртібі, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін қысқарту және ұзартуды Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Репсубликасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша анықтайды.

11. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген негіздемелер бойынша тыйым салына алады.

11-1. Қазақстан Республикасына келу кезінде 16 жасқа толған әр шетел азаматына көші-қон карточкасы беріледі.

Көші - қон карточкасы Қазақстан Республикасынан кету кезінде тапсырылады.

Көші қон карточкалары мына тұлғаларға берілмейді:

Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік және инвесторлық визаларына ие тұлғаларға;

әуе, теңіз және өзен кемелерінің экипаж мүшелеріне;

поезд бригадаларының, оның ішінде рефрижераторлық, локомотивті бригада жұмыскерлеріне және теміржол бойынша келетін жүктерді алып жүретін тұлғаларға;

Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетін поезд жолаушыларына;

халықаралық авто тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне.

Көші - қон карточкасын беру ережесін Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген орган анықтайды. <*>

Сілтеме. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 881 қаулысымен өзгерістер енгізілді

3. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарын тіркеу

12. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарында осы Ережемен белгіленген тәртіпте тіркелген төлқұжатқа ие болуы және оны уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуі керек.

Төлқұжаты жоғалғаны туралы шетел азаматы ішкі істер органына бірден хабарлауы керек, азамат өтінімі бойынша оған анықтама беріледі.

13. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша қоныстанған орны бойынша тіркелуі керек. Шетел азаматтарын тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. <*>

Сілтеме. 13-тармақ - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулы басылымында. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысымен өзгерістер енгізілді (қолданысқа енгізу тәртібін 2-т қара).

14. Шетел азаматтарының төлқұжаттарын Қазақстан Республикасында тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша анықталады.

15. Тіркеу шетел азаматының ұлттық төлқұжаты мен визасының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге рәсімделеді.

Қазақстан Республикасына онда Қазақстан Республикасында келу мен болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттары бар елдерден келген азаматтарды тіркеу тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі, әрі қарай осы мерзімге тағы ұзартылады.

Оларға қатысты заңмен белгіленген тәртіпте рәсімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты рәсімделген шетел азаматтарын тіркеу осы рұқсаттың әрекет ету мерзіміне рәсімделеді.

Қазақстан Республикасының оқу мекемелерінде оқитын шетел азаматтарын тіркеу бір оқу жылына рәсімделеді.

Шетел азаматтары төлқұжатты тіркеуден Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттарға сәйкес босатыла алады. <*>

Сілтеме. 15-тармағы - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысының басылымында.

16. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі мен оның өкілдіктерінде мына тұлғалардың төлқұжаттары тіркеледі:

1) шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер басшылары, дипломатиялық қызметкерлер мүшелерінің, консулдық лауазымды тұлғалардың, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлердің, әскери атташе аппаратының және сауда өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ егер қонақтар көрсетілген өкілдіктер мен мекемелер аумағында тұрса, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер басшыларының қонақтары;

2) қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына келген және дипломатиялық немесе қызметтік төлқұжаттарға ие шетел мемлекетінің Сыртқы істер министрліктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері;

3) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында көрсетілген ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерінің, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын Қазақстан Республикасында штаб-пәтерге ие халықаралық ұйымдар жанында ел өкілдіктерінің қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;

4) сәйкес визалар Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігімен берілетін шетелдік инвестор ұйымдардың басшылары немесе өзге де басшы қызметкерлері;

5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келген тұлғалар.

17. Шетел азаматтарын тіркеу.

Ішкі істер органдарында шетел азаматтарын тіркеу Қазақстан Республикасына келгеннен кейін 5 күн ішінде жүргізілуі керек. Тіркеу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілген. Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, АҚШ, Швейцария, Швеция, Финляндия, Франция, ГФР, Жапония және Корея Республикасының азаматтары ҚР консулдықтарында визаларын рәсімдеу кезінде өз төлқұжаттарында немесе Қазақстанның 12 халықаралық әуежайларында төлқұжат - шекаралық бақылаудан өту кезінде тіркеу ала алады.

Төлқұжатты шетелде консулдықта немесе ҚР 12 халықаралық әуежайында шекарада тіркегеннен кейін полиция органдарына тіркеу үшін келудің қажеті жоқ. Егер шетел азаматына 12 халықаралық әуежайлардың көрсетілген шекара тармақтарында тіркелу мүмкіндігі түспесе, олар тіркеуді келген орны бойынша көші-қон полициясында ала алады. Тіркеу тегін жүргізіледі.

3-1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есептік тіркеу <*>

Сілтеме. Ереже жаңа 3-1-бөлімімен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 702 қаулысы.

17-1. Діни-ағарту қызметі арқылы (бұдан әрі - миссионерлік әрекет) қандай да бір діни сенімді уағыздаумен және (немесе) таратумен айналысатын шетел азаматтарын есептік тіркеу жергілікті атқару органдарымен жүргізіледі.

17-2. Есептік тіркеу үшін шетел азаматтары жергілікті атқару органына төлқұжатты тіркеу сәтінен бастап үш тәулік ішінде мынадай құжаттар мен материалдарды тапсырады:

1) дін уағыздау тиесілігін, аумақ пен миссионерлік қызмет мерзімін көрсетіп өтінім;

2) миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни ұйым берген сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесін;

3) миссионер білдіретін діни ұйым өз елінің заңнамасына сәйкес ресми тіркелген болып табылатындығын растайтын тіркеу туралы куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесін;

4) Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымның шақыруы;

5) миссионерлік қызмет үшін арналған әдебиет, аудио -, бейне материалдар және (немесе) өзге діни арналған заттарды.

Көрсетілген құжаттарды беру кезінде өтінім беруші белгіленген тәртіпте тіркелген төлқұжатын көрсетеді.

17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есептік тіркеуді жергілікті атқарушы орган құжаттар берген күннен жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізеді.

4. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар беру

18. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын деп оған рұқсат алған, сондай-ақ ішкі істер органдары берген тұруға түрі бар шетел азаматтары танылады.

19. Өзге заңды негізде болатын шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша келуші болып саналады. Қазақстан Республикасында уақытша келуші шетел азаматтары оларды тұрақты тұруға қалдыру туралы өтіне алады.

20. Шетел азаматтарын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтайды.

21. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар: шетел азаматы үшін - шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына қалпы, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - азаматтықсыз тұлға куәлігі болып табылады.

22. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына рұқсат беру туралы өтінімді шетел азаматтары уәкілетті органдарға осы Ереженің 20-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпте береді.

Қазақстан Республикасында тұру құқығына бар құжаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы немесе жаңа құжат беру туралы өтінімді шетел азаматтары олардың тұратын орны бойынша ішкі істер органына оның қолданылу мерзімі аяқталардан бұрын екі айдан кешіктірмей, ал жоғалтқан жағдайда - үш тәуліктен кешіктірмей берілуі керек.

23. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ тұлғаға рұқсат беруден Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген негіздер бойынша бас тартыла алады.

Тұруға орын беруден және азаматтығы жоқ тұлғаны куәліктендіруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдана алады. <*>

Сілтеме. 23-тармақ - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулы басылымында. Өзгерістер ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысымен енгізілді (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қара).

24. Олардың қолындағы төлқұжатының қолданылу мерзімі аяқталғанынан кейін 6 ай ішінде жаңа немесе ұзартылған құжаттарын тапсырмаған шетел азаматтарына ішкі істер органдары азаматтығы жоқ куәлік береді.

Егер азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің иесі ішкі істер органына нақты төлқұжатын көрсетсе, ол тұрғылықты қалыпқа ауыстырылады.

25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары тұрақты және уақытша тұру орны бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған заңнамамен қарастырылған тәртіпте тіркелуге жатады.

5. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында қозғалысы және транзиттік өтуі және олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты орын таңдауы

26. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының  жүруі үшін ашық аумақта еркін қозғала және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты орнын таңдай алады. Қозғалу мен тұрғылықты орнын таңдауда мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп, халық денсаулығы мен адамгершілігін қорғау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайда шектеулер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

27. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы бойынша қозғалу тәртібі, сондай-ақ олардың шетел азаматтары үшін келуіне жабық жеке орындарға (аумақтарға) баруын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша анықтайды.

28. Қазақстан Республикасының аумағынан транзит арқылы өтетін шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары рәсімделеді.

29. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуі оларда үшінші елге келу үшін жарамды құжаттардың (визаның) болуы жағдайда бес тәуліктен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі. <*>

Сілтеме. 29-тармақ жаға басылымда - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 881 қаулысымен

30. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы олардың азаматтығы алынған мемлекетте визасыз келу туралы келісімі бар шетел азаматтарында Қазақстан Республикасының транзиттік визасына ие болуы керек.

31. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарында транзитпен өтетін, оның ішінде жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдіктер халықаралық автомобиль қатынастары үшін ашық жолдар бойынша ғана жүруі керек.

32. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік өту тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша анықтайды.

6. Осы Ережені бұзғаны үшін жауаптылық. Шетел азаматтарының келу мерзімін қысқарту және Қазақстан Республикасынан қуып шығу

33. Осы Ереженің нормаларын бұзу заңнамамен қарастырылған жауаптылықты жүктейді.

34. Шетел азаматтарының келу мерзімін қысқарту және Қазақстан Республикасынан қуып шығу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздемелер бойынша жүргізіледі.

35. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімді ішкі істер органдары немесе ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдайды.

36. Қуып шығу туралы шешімді сот қабылдайды. Бұл жағдайда шетел азаматтарын қуып шығуды ұйымдастыру үшін қажетті мерзімге қамау рұқсат етіледі. Оларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстайды.

Қуып шығу бойынша шығындарды қуып шығарылатын шетел азаматтары, немесе Қазақстан Республикасына шетел азаматын шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар, ал ерекше жағдайларда - ішкі істер органдары төлейді.

Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттарға сәйкес келу құқығынсыз келген тұлғаларды Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға жауапты, осы тұлғаларды жеткізген көлік ұйымы болып табылады. <*>

Сілтеме. 36-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241, 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысымен енгізілді (қолданысқа енгізу тәртібін 2-т қара).

37. Шетел азаматы заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасынан қуып шығу туралы және Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімге шағымдана алады.

38. осы Ережені артықшылықтар мен иммунитетке ие шетел азаматтарының бұзғалы үшін жауаптылық туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімін қысқарту туралы ережеге сәйкес дипломатиялық арналар бойынша шешіледі.

7. Халықаралық келісім

39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен осы Ережеде бар өзге ережелер белгіленген болса, халықаралық келісім ережелері қолданылады.

скачать торрент спорт