скачать русское порно торрент
Ошибка
  • XML Parsing Error at 1:330. Error 9: Invalid character
  • XML Parsing Error at 1:345. Error 9: Invalid character
НОВОСТИ
физическая культура и спорт
You are here:   7 AWG Қонақтарына Виза >>> Шетел журн. аккредитациялау

Шетел журналистерін аккредитациялау

16.12.2009 07:33
Печать PDF

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1997 жылғы 29 мамырдағы

№ 903 қаулысымен бекітілді

ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы аумағында шет мемлекеттердің тілшілерін аккредиттеу және бұқаралық ақпарат құралдарының тілші тармақтарын ашу туралы

I. Жалпы ережелер

1. Ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастық жүйесіне сәйкес және әлемдік қоғамдастықты Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық өмірі туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында республика аумағында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі жанында тұрақты немесе уақытша аккредиттелген, оның ішінде республиканың өзге органдары мен ұйымдары желісі бойынша келетін шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерінің (журналистерінің) қызметі жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің (оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен) бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерінің құқықтық қалпы мен кәсіби қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңнамалық және нормативтік актілерімен, Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттармен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.

3. Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерінің тілшілерін және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өкілдерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен жүзеге асырылады.

II. Тілші тармағын ашу

4. Шет мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының тілші тармағын ашу және тілшіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына уақытша келген тілшіні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттеу бойынша өтінім шет мемлекетінің қызығушылық танытқан бұқаралық ақпарат құралының басшысы жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.

Өтінім мынадай құжаттардан тұруы керек:

оның басшысының қол қойылған бұқаралық ақпарат құралының ресми бланкындағы хат немесе аккредиттеу мерзімі көрсетіліп Қазақстан Республикасындағы сәйкес ел елшілігінің дипломатиялық нотасы, толтырылған аккредиттелген нысан;

бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер;

тілшінің журналистік қызметі туралы мәліметтер;

төлқұжат көшірмесі;

аккредиттеу туралы мәселені шешу үшін қажетті өзге құжаттар.

5. Шет мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралының тілшілер тармағын Қазақстан Республикасы аумағында ашу (кеңейту) туралы шешімді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі барлық құжаттарды алған күннен бастап 1 айлық мерзім ішінде шешеді. Тұрақты аккредиттеу осы мерзімге кейіннен ұзартумен 1 жылға жүзеге асырылады. Уақытша аккредиттеу алты айлық мерзімге дейін жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасында шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісі ретінде журналистердің тұрақты тұрғылықты орны мен азаматтығына қарамастан журналистер аккредиттеле алады.

7. Шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының аккредиттелген тілшісі Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде уақытша немесе тұрақты аккредиттелгені туралы белгіленген нысандағы куәлік, ал оның отбасы мүшелеріне тілші отбасының мүшесі карточкасы беріледі.

Тілші тармағының техникалық қызметкерлеріне белгіленген үлгідегі карточка беріледі. Куәліктер мен карточкалар үлгілерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекітеді. Аккредиттеу туралы куәлікті, отбасы мүшесінің карточкаларын немесе тілші тармағының техникалық қызметкерінің карточкасын жоғалтқан жағдайда құжатты жоғалтқан тұлға ол туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне хабарлауы керек.

Құжат көшірмесін беру екі апта ішінде жүргізіледі.

8. Шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісін уақытша аккредиттеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен жүргізіледі. Қазақстан Республикасына мақсатты тапсырмамен келген шет мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралының тілшілері, сондай-ақ негізгі тілші еңбек демалысында, ауырғаны және т.б. жағдайда ауыстыруға келген журналистер уақытша аккредиттеле алады.

9. Қазақстанда түрлі халықаралық және ішкі іс-шараларды (конгресстер, съездер, форумдар, семинарлар және т.с.с.) жүргізген жағдайда шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері сәйкес елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық мекемесі арқылы, ал көрсетілген мекемелер болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы қысқы мерзімді сапар рәсімдейді және оларға осы Ереженің олардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде мазмұнын жеткізетін ұйымдарда көрсетілген іс-шараларды жүргізіп уақытша аккредиттеледі.

III. Шетел тілшілерінің құқықтары мен міндеттері

10. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері Қазақстан Республикасының заңнамасымен және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттармен қарастырылған құқықтар мен еркіндіктерді пайдаланады.

11. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері және өзге өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтік құжаттарын сақтауы керек.

12. Шет мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы тілшілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған заңды жауаптылыққа тартылады.

Шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісін заңды жауаптылыққа тарту аккредиттеуден айрылуға әкеп соғады.

13. Шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралы тілшісінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген ақпаратты тарату, конституциялық құрылымды күшпен өзгертуді насихаттау немесе үгіттеу, республиканың аумақтық тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және қалып артықшылығы, қатаңдық пен күштеуді дәріптеу саласында мемлекеттік ережелерді бұзғаны жағдайда олар Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің сәйкес шешімімен аккредиттеуден айрыла алады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісінің аккредиттеуін жою туралы шешімі оның Қазақстан Республикасында тілші ретінде әрі қарай болуын білдірмейді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзінің шешімі туралы Қазақстан Республикасының сәйкес мемлекеттік органдарына, сәйкес елдің дипломатиялық өкілдіктеріне, шет мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралы мен аккредиттеуден айрылған тілшіге хабарлайды.

IV. Ақпарат көздеріне қол жеткізу

14. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісінің және өзге өкілдерінің ақпарат көздеріне қол жеткізуі Қазақстан Республикасының сәйкес заңнамалық және нормативтік актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен қол қойылған халықаралық шарттармен реттеледі.

15. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аккредиттелген тілшілерге ресми баспасөз конференцияларына және өзге ресми іс-шараларға қол жеткізуіне көмектеседі.

V. Шетел мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісінің және өзге өкілдерінің Қазақстан Республикасы аумағы бойынша қозғалуы

16. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралының тілшісі және өзге өкілдері Қазақстан Республикасы аумағы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қозғалу құқығына ие.

Біздің деректемелер

 

Баспасөз қызметінің басшысы - ҚР СІМ Баспасөз хатшысы

Ілияс Темірланұлы Омаров

Мекен-жай:                    Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі
Баспасөз қызметі
010000 Қазақстан, Астана
Есіл өзенінің сол жағалауы, Тәуелсіздік, 31

Телефон:                    +7  7172 72 01 48

+7  7172 72 02 36

+7  7172 72 01 31

+7  7172 72 01 47

Тел./Факс:                  +7  7172 72 01 30

Email:                             Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

скачать торрент спорт