Астана қаласының елтаңбасы
Елтаңба негізіне жетілгендік, абсолют және мәңгілік идеясының көрінісі ретінде шеңбер орналасқан. Орталық элемент екі белгі - Бәйтерек пен Шаңырақтың бірігуі болып табылады.
Осы көркем шешім өзіне қала белгісі мен ел белгісін біріктіретін қазіргі заманғы Қазақстан дамуының векторын образды беру болып табылады. Бәйтерек - ғаламды білдіретін әлемдік ағаш. Ол тірі дамыған ағза түрінде ғарыш ретінде түсініледі.
Бұл орталық белгісімен тығыз байланысқан. Шаңырақ ғаламның түпсіздігінен туған үйге көшу нүктесі ретінде түсіндіріледі. Осы үлгімен Бәйтерек -пен Шаңырақтың - екі белгінің бірігуі жүзеге асырылуы көрсетіледі. Бәйтерек астына «құс қанаты» өрнегі - «Самұрық» аңыз құсының стильдеген суретіне келетін құс қанаттары салынған.
Бұл идея сол жағалауды символдық рәсімдеуде түйінді болып табылады (Ұядан ұшқан «Самұрық» құсының қалқыған көлеңкесі Президент паркінде жайылған). Елтаңбаның барлық кеңістігі біртектес түсінік беретін екі сақинаға бөлінген. Сыртқы сақина өзінен ұлы дала тарихының терең қыртысын білдіреді. Сыртқы сақинаның қызыл түсі Оттың тазарту күшінен шығады. Оттан түркілер туу, өсу және даму туралы түсініктермен жинақталған өмір стихиясын білдіреді. Ошақ оты күн бөлігі ретінде есептелген. Сондай-ақ қызыл жиек ол арқылы өтумен әрбір тұлға рухы тазарып күшке толатын жалынды қақпаны білдіреді. Көшпенділер қызыл түсті жиі әскер туы ретінде таңдаған, ол әскер күші мен жеңіс жарқындығын білдірген. Ал ішкі сақина Қазақстан тәуелсіздігі мен Астана мерейінің жаңа белгілерін білдіреді.
«Аспан түсі» түсі - ұлттық идеологияда тәуелсіздік идеясының орталық орнын тап нұсқап мемлекеттік ту түсі болып табылады. Шаңырақпен бірлескен Бәйтерек суреті қазіргі Қазақстанның тарих иесінің куәсі болып табылады. Елтаңбада негізгімен үйлесетін тағы да бірнеше өзге элементтер бар. Жасыл жиектеме әсемдік элементі ретінде пайдаланады және көктемдей құлпыру мен өңбейтін жастық идеясын білдіреді. Төменгі «Астана» жазуын қосқан титулдық сегментті рәсімдеуде симметриялық сызықтар қатысқан. Осы сызықтардың әрбірі «уықты» білдіреді, ол шаңырақты көркемдейтін образды толықтырады.
Елтаңба халықаралық геральдикалық рәміздер канондары сақталып орындалған. Түсі мен графикалық тәсілдер елтаңбаның идеялық - белгілік мазмұнын береді, онда рәміздік нысанда мемлекеттік тәуелсіздік пен ел дамуына ие боларда шешуші роль атқарған жеке тұлғалармен байланысты қала өмірінен алынған тарихи оқиғалар түрінде көрініс тапқан.
Астана қаласының туы