Мәдени Азиада - бұл сайыс емес. Бұл барлық адамдарға түсінікті мәдени тілмен айтқанда басты спорттық шараларды жақындататын, ойындар идеясын алға бастайтын өзіндік локомотив. 7-қысқы Азия ойындары - халықаралық қоғамдастыққа қазіргі Қазақстанды және спорт саласындағы біздің жетістіктерді танытатын жақсы мүмкіншілік. Мәдени Азиада қазақ мәдени мұрасының және Қазақстанның қазіргі мәдениеті мен Азияның жалпы алға жылжу жобасы болып қалыптасады. Осының барлығы Республика мен оның астанасын барынша көрікті етіп көрсету үшін жасалып отыр.
Мәдениет пен спорт бір-бірімен тығыз байланысты. 5-інші Олимпиада ойындарында ең алғаш рет көркемөнер сайысы ұйымдастырылған болатын. Стокгольм олимпиадасының мәдени бағдарламасы аясында алғашқы алтын медаль «Спортқа ода» өлеңіне берілді.
Байқауға ұсынылған шығарманың авторлары болып француз Г.Хохрод пен неміс М.Эшбах есептеледі. Нақты авторы болып әскери қауіп-қатердің үдеуі жағдайында француз бен неміс халқын жақындатқысы келген Пьер де Кубертен табылады.
Жылдар өте мәдениет пен спортты біріктіру «Мәдени олимпиадаға» өзгертіліп, ол «Афина-2004» бастап міндетті түрде олимпиада ойындарының астанасында өткізіледі. Астана, Азия ойындары тарихында алғаш рет қосымша шаралар кешенін Мәдени Азиада атты толыққанды жоба ауқымына дейін кеңейтуді ұсынып отыр.
Мәдени Азиада ресми делегаттар мен ҰОК өкілдері, Азия ойындарына қатысушы мемлекет спортшылары, еліміздің және шет ел тілшілері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.
Мұз Мүсіндерінің фестивалі
«Мәдени Азиаданың» мерекелік іс-шаралары қаланың барлық аумағын қамтып, адамдардың барынша көп жиналып өтуі жобасында жоспарланып жатыр. Әрбір спортшы, қалалық және қонақтар ойынды сезінуі қажет. Осы себепті мұз қалашықтар, қаланың барлық ірі саябақтарында жасалынатын болады.
Қалашықтарда қазақстандық мүсіншілердің спорт және ұлттық тақырыпта мұздан және қардан ойып жасаған мүсіндерін қойып, өз шеберліктерін ортаға салады.
Көпшілік ойын басқарушылар қалалықтармен интерактивті қарым-қатынас орнатып, қалада өтіп жатқан Азиада туралы жаңалықтар мен қызықты оқиғалар, ойындар мен байқаулар туралы айтып беруді ұйымдастырады. Бұған белсенді қатысқан қатысушыларға Азия ойындарының белгісі бар жүлделі сыйлықтар мен естелік заттар табыс етіледі. Саябақтарда мұз айдын жасалынып, сауда шатырларында аттар прокаты ұйымдастырылады.
«Мұзды алау жалыны» атты ең басты мұз қалашық «Қазақ елі» монументінің алаңында орналасады. Бұл жалпы құрылымның орталық бөлігі Азия ойындарының алауына арналған. Үлкен түрлі-түсті алаудың айналасында көне ғұрыптарды көрсететін, бізге жеңісте ата-бабаларымыздан берілетін күш пен қуат - сақ белгілері мен жауынгерлер бейнесі орналасады. Басты композицияның маңында қазақ этникалық мұз мүсіндері орын тебеді.
Бұл жоба келушілерге шанада, атта серуендеп, қыдыратын, уақытын дәмханада өткізуге арналған.
Ұйымдастырушылар суық мұзда ойын туралы жылы лебізді есте қалдыру үшін барлығын жасайды.
Жоба жетекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Қайраткері, суретші және мүсінші Камиль Муллашев.
Спорт туралы деректі және көркем фильм фестивалі
Фестиваль мақсаты - оның жанрына қарамастан спортты және спорт тақырыбындағы (спортшылар туралы, ұлттық спорт түрлері туралы, салауатты өмір туралы фильмдер) Азия кино өнерін көрсету.
Фестиваль қатысушылары - АОК-ге кіретін азиялық аймаққа кіретін барлық елдер. Фестиваль байқау түрінде емес. Оның бағдарламасына 2006-2010 жылдардағы фильмдер кіреді.
Фестиваль бағдарламасы:
-ойынды толықметражды фильмдер;
-ойынды қысқаметражды фильмдер;
-деректі фильмдер;
-анимациялық фильмдер;
- «Спорт туралы фильмдердің алтын қоры».
Фестивальдің ұйымдастырушысы ассоциация үлгісіндегі ерікті заңды тұлға бірлестігі - «Скиф» Тәуелсіз продюсерлік орталығы.
Фестивальдің өткізілетін орны: Жаңа киноконцерт залы.
Өтетін күні: 29.01.2011 - 05.02.2011.
Цирк өнерінің фестивалі
Қазіргі цирк - бұл күшті экпериментаторлық, сан түрлі киімдер, сиқырмен қанықтыра түсіп, музыкамен арбайтын драма өнері мен дала көрінісінің таң-тамаша қоспасы. Алайда тіс қақан көрермен мұнда азия циркінде туындаған бұндай шығыстық әрі батыстық стильдегі цирк өнерінің элементтерін қатесіз біледі.
Азия ойындарының шеңберінде елордада Астана мен Алматы цирктері әртістерінің Азиадаға арналған қайталанбас шығыстық стильдегі арнайы бағдарламада мерекелік қойылымдарын жоспарлауда.
Фестивальдің өтетін орны: Елорда циркі.
Өтетін уақыты: 25.01.2011 - 06.02.2011.
Фотокөрме
Спорттық тақырыпта суреттерді тамашалау үшін Азия континентіндегі суретшілер көрмесі де ойластырылған.
Көрменің өз алдына бір блогы ұлттық спорт түріне белгіленіп қойған. Азиадаға қатысушы 45 елден фотосурет көрмеге қойылады. Әрбір ел бірегей ұлттық спорт түрі туралы айтады: арабтарда түйе жарысы, Жапония - сумо мен кендо, Қазақстанда - көкпар.
Фотосуреттердің басты тақырыбы - Азиадаға қатысушы әрбір елдің ұлтық спорт түрі болып табылады.
Өткізілетін орны: Тәуелсіздік Сарайының көрме залы.
Өтетін күні: 24.01.2011 - 10.02.2011.
Спорттық тауарлар мен естелік заттар жәрмеңкесі
Спорттық тауарлар мен естелік заттар шығарушылар үшін 3500 шаршы метрлік көрмелік құрылғылармен жабдықталған көрме залы ұсынылады. Сауда мәжілісінің өткізілуі мен оның салтанатты ашылуына Мәжіліс залы мен келісім залдары қарастырылған.
Көрме-жәрмеңкесінің міндеті - елордалық спорт әуесқойларының тілек-талабын қанағаттандыратын спорттық киімдер мен құрылғылар шығаратын ең үздік өндірушілерді бір жерде жинау болып табылады.
Өткізілетін орны: «Көрме» көрме орталығы.
Өткізілетін күні: 28.01.2011 - 05.02.2011.
«Астана Дауысы» атты әуен мен би фестивалі
Азия ойындарының алдында өткізілетін бұл шоу-жобаға айтулы концерттер кіреді. Аталған жоба шеңберінде опера, балет, классикалық музыка ұжымдары, Азия континентіндегі қазіргі эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек.
Фестивальдің сахналық алаңы: «Конгресс-Холл», «Шабыт», Бейбітшілік және Келісім сарайы.
Өтетін күні: 29.01.2011 - 05.02.2011.
Фестиваль аясында мына мазмұнда үш ірі әрі бірегей жоба қаралған:
-Опералық және классикалық концерт;
-«ASIA STARS SESSION» ойындары -поп-орындаушылар концерті;
-Азия континентіндегі үздік би командаларының қатысуымен Хип-Хоп стиліндегі қазіргі хореография Шоу-концерті.
«Voice of Astana» әуен және би фестивалінің жетекшісі Мұрат Ерғалиев.
«Азия стилі» жоғары сән апталығы
Жоба Азиядағы сән индустриясының Азия ойындарына қатысушы елдердің тәжірибе алмасуда дизайнерлер мен киім шығарушылардың арасындағы серіктестік орнатуда дизайнерлер мен сәнгерлердің қызметіндегі кәсібилігін жоғарылату және насихаттауды көрсетеді. Көрсетілім негізінде халықаралық сән үлгілерінің соңғы беталысы және жаңа нарық тауарлары мен Азия континентіндегі жеңіл өнеркәсібінің жағдайы көрініс табады.
2011 Азия ойындарына қатысушы елдер жобада өз киім үлгілер жиынтығын көрсетеді. Сонымен қатар шетелдік сәнгерлермен қатар қазақстандық танымал Құралай Нұрқаділова, Балнұр Асанова, Аида Қауменова, Айгүл Қасымова және басқалары сынды сәнгерлер қатысады. Аптаның ұйымдастырушы «Дом Моды Андрес».
Өткізілетін орны: «Rixos» Отелі.
Өтетін күні: 29.01.2011 - 31.01.2011.
Бейнелеу өнері көрмесі
Көрме бірнеше бағыттар бойынша өтеді: «Көркем сурет», «Мүсін», «Графика» және «Қолданбалы өнер». Эксперттік кеңес мемлекет музейлері қорларынан көрнекі суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстарын таңдайды, олардың көркем жобалары Көрмеде ұсынылатын болады.
Көрме Тәуелсіздік Сарайының көрме залында өтеді, өткізу уақыты: 24.01.2011-10.02.2011.
«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпелі өркениеттер фестивалі
«Қазақ ауылында» қазақ халқының ұлттық тұрмысы, оның салт-дәстүрлері көрініс табады. Тәуелсіздік Сарайы залының ортасында сахналық алаңқай орналасады. Мұнда мерекелеу кезінде алуан түрлі бағдарламалар мен қазақ халқының салт-дәстүрлері қойылады. Бұл көпшілікті театрландырылған қойылым, айтыс, қыз ұзату, неке қияр, бесікке салу, тұсау кесер, тойбастар, шашу, бата және тағы басқалары. Концерттік бағдарламаларда күй орындалып, халық әндері шырқалады. Сахнада киіз басу, жүн сабау, келі түю, ұршық иіру, қымыз сапыру, көрік басу сынды экспозициялар қойылады. Мұнда алтыбақандар орнатылып, ұлттық спорт жарыстарын өткізетін орындар дайындалады.
Мұнан өзге ұзын залда көшпенділер өмірінен түрлі эпизодтағы тақырыптық киіз үйлер тігіледі. Аңшы киіз үйі, жастардың ақ үйі, шеберлер үйі, ұлттық киімдер көрмесі орналасқан киіз үй және дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсынатын киіз үй болады.
Өткізілетін орны: Тәуелсіздік Сарайының концерт залы.
Өтетін күні: 29.01.2011 - 02.02.2011.
Мәдени ойын-сауық саябағы
Жоба «Мәдени Азиаданың» ауқымды ойын-сауық бағдарламаларына бағытталып жасалынған және спортшылардың, ресми делегация өкілдерінің, елорда тұрғындары мен қонақтардың бос уақытын өткізуіне арналған. Масштабтыалаңда ойын-сауық парктері, қаланың үздік мейрамханаларының асналары жайғасады. Мұнымен бірге қатысушыларға атпен серуенду, фото-подиум және тағы басқа көптеген көпшілік шаралар ұсынылады.
Мәдени ойын-сауық саябағының бірден бір жаңалығы «Live Game» жобасы болмақ. Шараға келген кез келген көрермен жарысты Теннис орталығының жоғары периметрінде орналасқан экраннан тікелей эфирде көре алады. Сөйтіп екі қалада өтіп жатқан Азиаданы жаңа технологияның көмегімен жанкүйерлер саябақтан шықпай-ақ тамашалай алатын болады.
Өткізілетін орны: “Қажымұқан” жабық стадионы.
Өтетін күні: 25.01.2011 - 10.02.2011.