скачать русское порно торрент
Ошибка
  • XML Parsing Error at 1:330. Error 9: Invalid character
  • XML Parsing Error at 1:345. Error 9: Invalid character
НОВОСТИ
физическая культура и спорт
You are here:   7 AWG Қонақтарына Астана >>> Көрнекті орындар

Көрнекті орындар

16.12.2009 05:07
Печать PDF

Астана ескерткіштері

Елордасы мәртебесін алумен Астанада сәулет және тарихтың бірнеше жаңа ескерткіштерінің саны пайда болып, олар күн артқан сайын көбейіп келеді.

«Халықтар достастығы» монументі

Автор: Сәкен Нарынов.

Материал: қола.

Ашылған күні: 2003 жылғы 1 мамыр.

 

Монумент өзімен тостақты, бұрқақты бассейнді білдіріп, оның ортасында биіктігі 8 метр болатын үш қиылысатын фигуралардан қола мүсін орналасқан.

Автордың ойынша өзара байланысқан бұтақтар оралуды, қолдар қысылуын, достық түйінін, бір бірін қорғауға ант беруді, бейбітшілік пен келісімді білдіреді.

Топология ғылымында «жоңышқа жапырағы» аталатын түйіндер кездеседі.  Бұлар басы мен аяғы жоқ, ұзақ өмір, шексіздік, бақыт пен әл-ауқатты білдіретін өзара бір біріне өтетін үш қол.

Мүсінмен қатар бұрқақтар «орманы» ойлап табылған, әр бұрқақ шағын гранит плиталардың қиылысында орналасқан. Бұл бұрқақтар Қазақстан этностары мен халықтарын білдіреді. Композицияның көп мәнділігі, терең философиялық ой, қолдар байланысының құпиялығы, жоғары атқан бұрқақтардың тегіс қатары көрерменде жоғарыға қуана ұмтылуды, өмірді жақсы жаққа қарай өзгертуге құштарлықты, достық пен келісімде өмір сүруге ұмтылдыруы керек», - жоба авторының пікірі міне осындай.

Астана тұрғындары мен қонақтары монументті Республика даңғылы мен Омаров атындағы көше қиылысында көре алады.

Мереке күндері бұрқақтар музыка ойнап, астынан түрлі түсті шамдар жанып «жүгіре аққан толқын» түрінде жұмыс істейді.

“Отан қорғаушылар

Автор: қазақстандық сәулетшілер мен мүсіншілер тобы

Материал: мыс, гранит, қола.

Ашылған күні: 2001 жылғы 9 мамыр.

1.300.000 қазақстандық соғысқа аттанып, шамамен олардың 700 000 соғыс даласында қалды. Бұны ұмытуға болмайды. Бұл мемориал келешек ұрпаққа бейбітшілік құнын білу үшін қажет. Монументтің орталық фигурасы - әйел. Бірінші рет мұндай мемориал кешенінде әйел қайғырып емес, бірлік пен келісімге шақырып күлімсіреп тұр. Оның қолында бейбітшілік пен көркеюдің белгісі алтын тостаған. Қазақстанда тұратын барлық халықтар бірлігін білдіретін 101 масақтан тұратын 40 метрлік стела. Барельефте оң жақта кеңес әскерлері, сол жақта - жоңғарларды жеңген қазақ батырлары берілген. Астында мәңгілік алау жанып тұр. Монумент айналасында қалалықтардың сүйікті орнына айналған саябақ орнатылған.

Ақмолалық әскерлер ескерткіші

Автор: В Пирожков.

Материал: қола.

Ашылған күні: 1995 жылғы 9 мамыр.

 

34.000 солдат Ақмолаға сол соғыстан қайтқан жоқ. Бұл - Ақмоланың әр бесінші тұрғыны. 1995 жылға дейін қалада қаза тапқан солдаттарға ескерткіш болған емес. Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай салтанатты түрде осы монумент ашылды. Ескерткіш қарапайым, сонымен бірге керемет ойға толы. Екі солдат ашық та жас қалпында соғысқа аттанып барады. Скульптор жұмысы өзіне көз тартады. Ескерткішті салу халық ақшасына жүзеге асырылды. Ескерткіш неміс фашистеріне қарсы күресте қаза тапқан 310, 387 және 72 гвардия дивизиясының әскерлеріне арналған.

Ауғанстанда қаза тапқан әскерлерге арналған мемориал

Автор: Слиденко, Тайсеңгіров және Досмағамбетов.

Материал: гранит.

Ашылған күні: 2000 жылғы 7 мамыр.

 

Ескерткіш Отан қорғаушылар күні ашылды. Он жыл бойына әскер-ауғанстаншылар қымбат материалды сатып алу үшін қаражат жинауға арнады. Сонымен 761 әскер-ауғанстаншылардың аттары ескерткіштің гранитті плиталарында мәңгілікке қалды. Қызықты факт: мемориалды осы елде өзі соғыста болған Константин әкей аластады.

Бата

Автор: суретші және скульптор Арман Бектасов.

Материал: қола мен тас.

Ашылған күні: 2000 жылғы 10 маусым.

 

Бата - деп өз жұмысын автор солай атады. Астана барлық келушілерді және сапар шегушілерді осы ашық жолға салу белгісі қарсы алып шығарып салып отыратын болады. Ескерткіш арка түрінде берілген және «босаға» табалдырықты - жол бастауды білдіреді. Осы жерде «бесікті» - өмір, әйел мен ер бастауының белгісін көруге болады. Негіз ретінде «тайтұяқ» - отбасындағы байлық пен әл-ауқатын білдіреді. Ескерткіштің жоғарғы бөлігінде орналасқан диск тәңірі белгісі болып айнадай жарқыраған бетімен күн мен аспанды шағылыстырып тұрады. Бұрқақ ретіндегі су өмір көзі болып табылады және тұрмыс белгісінің логикалық толықтырушысы ретінде қызмет атқарып тұр.

Жаңа алаң

Автор: Азат Боярлин.

Материал: қола, тас.

Ашылған күні: 2000 жылғы 6 шілде.

 

Осы құрылымның негізгі мақсаты - халық бірлігі мен республиканың дамуы, гуманизм мен ұрпақтар жалғастығы, келешекке ұмтылу - бұрқақтың мүсіндік жинағында бірлескен. Бұрқақ ортасында - өмір ағашы, әлемнің үштік түсінігі, мұнда тамырлар - жерасты әлемі, біздің ата-бабамыз, діңі - біздер өмір сүріп отырған жинақталған әлем, келешек - руханилық және біздің келешек ұрпағымыз. Төрт жағында жануарлар мүсіні түрінде 4 әлемдік стихия - суды бұқа, жерді - түйе, отты - тоқты, даналықты - айдаһар білдіріп тұр. Құрылымның өзі өмірдің мәңгілік айналысын білдіретін мәндік сипатқа ие. Бұрқақ үш қатардан орындалған: су ағаш бұтақтарынан бірінші қатарға түседі, содан кейін әр белгілі жануар аузынан шығатын су ағынымен күшейтіліп екіншіге көтеріледі. Жоғарыға бағытталған оның өзге ағындары өшпейтін көзді қоректендіріп жоғары бағытталады. Алаңды ашу Қазақстан Президентінің 60-жылдығына арналды.

Хан Кене

Автор:мүсінші Нұрлан Долбаев, архитектор Шота Уәлиханов.

Материал: гранит, қола.

Ашылған күні: 2001 жылғы 10 мамыр.

 

Ескерткіш Кенесары Касымовқа арналған. Салт аттының биіктігі -7, ал астындағы мінбер биіктігі - 6 метр. Жалпы салмағы - 10 тонна. Кенесары Қасымов - Абылай ханның немересі, соңғы қазақ ханы, ел тәуелсіздігін сақтап қалуға ұмтылып Ресеймен, Қоқан, Хиуа хандығымен және өзінің ағалары қырғыздармен күрес жүргізді, соңғыларының қолынан қаза тапты. Хан Кененің басын кесіп алып Санкт - Петербургке апарған, ол спирттелген күйі мұражайда сақталып тұр.

Абай

Автор: мүсінші Тоқтар Ермеков, архитектор Нұрбек Аужанов.

Материал: қола.

Ашылған күні: 2000 жылғы 10 маусым.

Ескерткіш орталық скверде ресейлік “Альфа - банк”-пен қатар орналасқан, осының өзінде бір ой болуы керек, себебі ұлы Абай «Орыстарға жақын бол - оларда білім көзі» демеп пе еді. Тастұғыр дала жолының кесіндісі, оның бойымен 3,5 метрлік қола Абай көтеріліп келе жатқан түрінде орындалған. Қолында кітап, ойға батқан күйі туған жерінің тарихын ой елегінен өткізіп келе жатқандай.

Орталық алаң

Автор: Досмағамбетов Төлеген.

Материал: гранит, қола.

Ашылған күні: 1999 жылғы 10 маусым.

 

Алаң біздің мемлекетіміздің күші мен айбындығын білдіретін мүсіндер мен бұрқақтар кешенінен тұрады. Жиынтық орталық ұзын ось бойынша орналасқан және жаяу аралап шығуға есептелген. Бұрқақтың екі жағындағы кішкентай қыз мен ұл біздің елдің келешегін білдіреді. Қасқыр мен барс, біздің көне аталарымыздың қасиетті белгілері мен тотемдік құдайлары түпнұсқалық батырлықты білдіреді.

Барыстар

Автор: Досмағамбетов Төлеген.

Материал: қола және мәрмәр.

Тас мүсіндер қалаға кіреберісте орналасқан, олар қалаға кіріп келе жатқандарға қақпаны ашып, дұшпанмен күресе кетуге дайын тұрғандай қаланы қорғап тұр. Өзен жағасында барстарды қою идеясының өзі шығыс экзотикалық белгілерді еуропалық түсіндіруді еске салады.

Саяси қуғын құрбандарын еске алу мемориалы

Автор: мүсінші Боярлин А, сәулетші Монтыхаев К, Сүлейменов Т.

Материал: гранит, мыс.

Ашылған күні: 1997 жылғы 6 маусым.

Ескерткіш негізі қарапайым, бірақ көне мазарат құрылымы, оның биіктігі 27 метр. Жоғарыға 55 баспалдақтан тұратын саты апарады, ал оң жақта барельефті суреттер, қабырғада сынған шаңырақ, кепкен жер және адамдар - күнәсіз қырылған адамдарды жоқтаған халық сипаты. Мемориалдың негізгі идеясы - ұрпақтар үшін біздің халқымыздың өміріндегі қиын-қыстау жағдайлар туралы сақтап қалу. Мемориал Қазақстан халықтары ассамблеясының 4-ші сессиясы ашылған күні салынды.

Пушкин

Автор: Ресейдің еңбегі сіңген суретшісі Андрей Ковальчук.

Материал: қола.

Ашылған күні: 1999 жылғы тамыз.

 

Ескерткіш бірегей динамикалық жиынтықта орындалған және өзімен алға ұмтылған ақынның шығармашылық шабыт кезіндегі суретін білдіреді. Мүсінші шабыт пен көңіл тоқтатуды біріктіре білген. Ескерткіш - қалаға  “Merkata Traiding” Швейцария фирмасының президенті Виктор Столповскийден сыйлығы.

Сәкен Сейфуллин

Автор: Азат Боярлин.

Материал: қола мен гранит.

Ашылған күні: 1994 жылғы 14 қазан.

 

Қазақ әдебиетінің негізін құраушыға арналған ескерткіш өзімен отырған ақын мүсінін білдіреді. Жайлылық, қозғалыстар қарапайымдылығы мен ішкі ритм - монументте көрінген жазушы келбеті осындай. Ескерткіш ақынның 100 жылдығына орай орнатылды.

Әділдік ескерткіші

Автор: мүсінші Мансуров. М. А. сәулетші Жарылғапов К. Ж.

Материал - қола.

Монумент ғасырлар дәстүрінің жалғастығын - әділдік, халық бірлігін білдіреді. Ұлы тұлғалар, текті жандар - Қазыбек-би, Әйтеке-би, Төле-би.

Кабанбай батыр

Автор: Сәулетші Сәдуақас Агитаев.

Материал: қызыл кірпіш, металл.

Ашылған күні: 2000 жылғы 3 қараша.

2000 жылғы 3 қарашада Рождественка ауылының Сары адыр телімінде атақты батыр ескерткішін ашу өтті. Батырдың қойылған орнында биіктігі 25 метрлік мавзолей орнатылды. Мавзолей әскери дулыға нысанын білдіреді. Барлық мавзолейдің жоғары ұмтылған кескінін айқындайтын қырлы қабырғалардың қатаң нысандары керемет. Қабанбай жауына қасқайып тіке шапқан. Ол бастаған қол жоңғарларды еңірете жеңіп қазақ халқын жоғалып кетуден сақтап қалған. Батыр 78 жаста жас жігіт қолынан қаза тапты.

Астана скверлері

Астана күн өткен сайын жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді, оны қалалықтар ғана емес астананың көптеген қонақтары да байқап келеді. Сәулет өнерінің туындылары ғана емес, көптеп пайда болған скверлер де көз қуантады.

Әл-Фараби шағын ауданындағы сквер

Телім алаңы-0.9 га.

Көгалдану көлемі-6570 кв.м.

Жүргінші жолдары, алаңдар көлемі -  2430 кв.м.

 

Сквер тұрғын үйлерге жапсарлас жатқан бос аумақта құрылды. Қалалық сквер тыныш қысқа уақыттық және белсенді демалыс (спорт және балалар алаңы) үшін арналған көгалдандырылған телімді білдіреді. Жоба бойынша дендрологиялық жоспарда ірі көлемді ағаштарды - қатарлық (аллеялы) түрлі отырғызулар мен пейзажды топта ағаш - бұтақты көшеттерді отырғызу белгіленген.

Мұңайтпасов атындағы көшедегі сквер

Телім алаңы-0.95 га

Көгалдану алаңы- 7430 кв.м.

Жүргіншілер жолдарының, жолдар, алаңдар көлемі-2070 кв.м.

 

Скверді жоспарлау алдыңғы жылдардың бар ағаштарын есепке алып, оның ішінде бальзамдық теректермен әзірленді, бұл шартты түрде үш бөлікке бөлінген сквердің жоспарлы құрылымын құруға негіз болды:

- осы телім ортасында демалыс алаңын орналастырып терек ағаштарының бар көшеттері арасында плиталардан бірінші бос жол.

- екінші, сквер ортасында орналасқан - ол түрлі көлемді екі сопақ түрінде салынған.

Орталық бөлігінде шағын бұрқақты орналастыру қарастырылған және гүлдердің негізгі бөлігі орналасады.

Үшінші бөлік ұзын, созылған Мұңайтпасов көшесі бойына орналасқан жоспарлы құрылымды білдіреді. Сквердің бұл бөлігінде балалар және спорт алаңдары орналасқан.

Сирень бульвары

Телім алаңы-6,4 га

Көгалдандырылу алаңы-52193 кв.м.

Жүргінші жолдарының, жолдар, алаңдар көлемі - 9641 кв.м.

 

Бульвар Сарыарқа көшесі, қарқынды қозғалысты қалалық магистраль бойына орналасқан аумақта құрылған бульвардың 47 м ені бойынша жоспарлаудың пейзажды тәсілдерімен бірге қалалықтар демалысына арналған алаңдар салынған.

Көгалдандыру ағаштар мен бұталардың, газонды жабындар мен гүлзарлардың қатарлы отырғызылуынан тұрады. Аллея гүлзарлар мен газондардың модульді квадраттары жүйесінің түрінде орындалған.

Аллеяның өзі үйеңкі, қайың, сирень және алма ағаштарының қатарлы отырғызуымен қалыптастырылған, олар уақыт өте келе сәуле - көлеңке ойынын құрайды, жасыл желегімен өткіншілер бөлігін машина жолынан тозаң, газ, шудан жабады.

Бір қатарға 1 м сайын отырғызылған сиреньдер сортты болып табылады, олардың көктемгі кезеңде гүлдеуі есте қаларлық бейне тудыратыны сөзсіз, бульвардың атауы сондықтан «Сиреньді» аталатын болды.

Сарыарқа көшесі бойына бульвардың ұзына бойына ұсақ жапырақты шегіршіннен тірі қоршау орналастырылған. Қалалықтардың демалысы үшін 148 сәкі мен төрт түрлі шамдар орнатылған.

“Шахматшылар” сквері (Кенесары көшесі-Республика даңғылы бұрышында)

Телім алаңы- 0,86 га

Көгалдандырылу алаңы-7900 кв.м.

Жүргінші жолдары, жолдар, алаңдар көлемі-700 кв.м.

 

Сквер ортасында түрлі тротуарлы плиткадан, шахмат тақтасы түрінде, жерге шахмат фигуралары қалалықтар шахмат ойнауы үшін қойылған, шахмат бойынша турнирлер өтетін алаң орналасқан.

Жобада ұсақ жапырақты шетен және бадамнан үш жиынтық қарастырылған. Арония мен ұсақ жапырақты шетеннен жасалған тірі қоршау скверге ерекше түр береді.

Абылай-хан даңғылы бойынша бульвар

Телім алаңы-0.71га

Көгалдану алаңы-6130 кв.м.

Жүргіншілер жолдарының, жолдар, алаңдар көлемі-970 кв.м.

Бульвар бар тұрғын үй құрылысы мен Абылай хан даңғылының жолынан Мүсірепов көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Бульвар жобасы алдыңғы жылдардағы екпе ағаштарды: бальзамды терек, пирамида тәрізді терек, шегіршін, үйеңкі есепке алып әзірленді.

Бульварға кіре берісте сақина ортасында табанында тастармен қалыптастырылған шегіршін талы жоспарланған.

Демалысқа арналған үш шағын алыңдар оларды бар екпелер астына барынша қолайлы орналастыруды есепке алып орналастырылған.

Бульвардың жиынтық акценттері қалалық, ұзақ гүлдейтін, жағдай талғамайтын спиреядан нақышталған.

Гүлзарлар эскиздері жыл сайын, көшеттерді клумбаға отырғызар алдында жеке дайындалады.

Гумилев (Ташенов) көшесіндегі сквер

Телім алаңы- 1,75 га

Көгалдану алаңы - 13369 кв.м.

Жүргінші жолдарының, жолдар, алаңдардың көлемі- 4104 кв.м.

Гумилев көшесі бойындағы сквер Ақ бұлақ жағалаулы өзен мен Гумилев көшесінен Еуразиялық университеттен синагогаға дейін орналасқан. Сквер негізінен татар үйеңкісінен, шегіршін және қайыңның жеке түрлерінен тұратын алдыңғы жылдар ағаштарын есепке алып жоспарланған.

Жағалаудан бастау алатын және синусоиданың еркін нысанына ие серуендеу аллеясы барлық жиынтыққа аяқталған нысан беріп сквердің түрлі телімдерін байланыстырады.

Гумилев көшесіне қарай жобамен фасадымен елеулі жоғары бөлікте солтүстікке қарай ротонда орналастыру қарастырылған.

Скверге кіреберіс аймақтар бір жылдық өсімдіктерден, ұсақ жапырақты шегіршіннен басталған тірі қалқан және кәдімгі сирень топтамаларымен гүлзарлармен рәсімделеді. Жарқын орталық ось ретінде ұсақ жапырақты шегіршін мен уссурий алмұртынан екпелер өтеді.

Қабанбай батыр даңғылы бойынша “Солтүстік тәж” сквері

Телім алаңы-1,5 га

Көгалдану алаңы-11582 кв.м.

Жүргінші жолы, жолдар, алаңдар көлемі-3418 кв.м.

Сквер қалаға кіреберіс жерде Шұбар шағын ауданында Қабанбай батыр даңғылы бойынша орналасқан жасыл массив негізінде салынды.

Жобаланатын сквер аумағы төменде орналасқан, бар көшеттер ірі жапырақты ағаштардан үйеңкі мен 15-20 жыл бұрын отырғызылған бальзамды теректен құрылды.

Ағаш - бұтақты өсімдіктер жиынтығы жергілікті, климатқа төзімді материалдан, бар, қалыптасқан түр жиынды есепке алып және жеке өсімдіктердің көлеңке сүйгіштік талаптарын есеп алып таңдалды.

Жолдар мен алаңдар жүйесі бірнеше баспалдақ түрлерін, тіреу қабырғасын және демалыс алаңдарын қамтиды. Жолдар түрлі түсті білікшелерден орындалған.

Жобамен (24 дана) сәкілер, қоқыс салғыштар мен шамдар, сондай-ақ арнайы жарық көзі - бүкіл сквер аумағын өтетін жол мен көпір жағынан бөліп көрсету үшін скверді жасыл түсті шаммен ажырату қарастырылған.

Сквердің орталық бөлігінде ландшафты дизайнерлермен арнайы әзірленген ықшам гүл клумбасы орналасқан.

Шағын сәулеткерлік нысандар үштіктер - сәкілі тіреулер, өрнекті, арнайы әзірленген торларға орнатылады, жүзім шырмауығы да ілінген.

Жеңіс даңғылы бойынша “Футболистер” сквері

Телім алаңы-1,35 га

Көгалдану алаңы-5546 кв.м.

Жүргіншілер жолдарының, жолдар, алаңдар көлемі-2571 кв.м.

Сквер Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға жақын жатқан, бұрын асфальт басқан және жартылай қызмет көліктерінің тұрағы ретінде пайдаланылатын, көп жағдайда бос тұратын аумақта құрылған.

Демалыс алаңдары жолдардың негізгі жүйесіне тізілгендей шеңбер түрінде және бақалшақ түрінде орналасқан, оларға шағын сәулеткерлік нысандар орналастырылған. Шағын сәулеткерлік нысандар (ШСН) осы сквер үшін арнайы әзірленген кілемді өсімдіктерден (цинерарий және альтернаторлар) жасалған футбол дабы мен әсем бұрқақтан тұрады.

Футбол добы түріндегі ШСН Астана қаласында баламаға ие емес, ол”Зеленстрой” МҚК мамандары арнайы әзірленген технология бойынша өсімдікті 6 қырлы жәшіктердің жеке модульдерінен, негізгі металдан жасалған каркасқа бекітіліп жасалды. Кілемді өсімдіктер қала көшеттері үшін Ресейден әкелінді, олардан ғана осындай нысандарды құруға болады. Ылғалды сақтау және өсімдіктерді қоректендіру үшін топырақ құрамына жоба бойынша арнайы қоректендіретін гидрогельді міндетті қосу салынған

Ирченко көшесі бойынша сквер

Телім алаңы-0,3 га

Көгалдану алаңы-2079 кв.м.

Жүргіншілер жолы, жолдар, алаңдар көлемі-868 кв.м.

Сквер тұрғын үйге жапсарлас жатқан аумақта құрылған. Көктемді гүлдену үшін уссурий Алмұрты мен тірі қоршауға алынған.

Күзгі әсемдік уссурий алмұртының қызыл түске боялуы кезінде жапырақ пен жемістердің бояуы негізінде қол жеткізіледі. Қыста шар түрінде ағаш бұтақтарының қалпы, талдар мен ұсақ жапырақты шегіршіннен жасалған тірі қалқаншалар скверге бір әсемдік береді, алмұрт қабығының түсі - сұр мен қызғылттау - сквердің жалпы көрінісінде қосымша түстік акцент құрайды.

Московская көшесі бойынша № 55 үй ауданындағы сквер

Телім алаңы-1,6 га

Көгалдану алаңы-12430 кв.м.

Жүргіншілер жолы, жолдар, алаңдар көлемі-3570 кв.м.

Сквер көп жағдайда бос тұратын телеорталыққа жапсарлас алауда салынған.

Қайта жарақтауға арналған бар аумақ шарбақпен қоршалған және 15 метрлік диаметрлі бұрқақ тостағына ие.

Осы аумақта басты аллея мен транзиттік жүргінші жолын сквермен қосатын жолдар қатары қарастырылады. Осы аумақта арнайы жоба бойынша орындалған және демалысқа арналған, өсімдіктерді тіке көктендіріп отырғызылатын сәкілі ротонда бар.

Жоба бойынша жүзім шырмауығын арнайы құмыра - бағаналарда және сәкі - ротонда ішінде егу қарастырылған.

 

 

 

скачать торрент спорт