1832 ж. - Құрылған жылы
1961 жылға дейін - Акмолинск қаласы
1961 - 1992 жылдар - Целиноград қаласы
1993 - 1998 ж - Ақмола қаласы
20.10.1997 ж. ҚР Президентінің жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
06.05.1998 ж. ҚР Президентінің жарлығымен Ақмола Астана қаласы болып аталды
Қала алаңы: 72,2 мың га.
Климат: шұғыл-континентальды: қоңыржай ыстық жаз және созылмалы аязды қыс
Географиялық координаталар: солтүстік ендіктен 51 градус 10 минут және шығыс ұзындықта 71 градус 30 минут.
Жергілікті уақыт: Астана 5-інші сағат белдігінде орналасқан. Жергілікті уақыт нөлдік меридианға қатысты GMT +06.00 есептеледі.
Астанада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Халық саны: 2007 жыл ішінде орташа жылдық сан - 562,3 мың адам; 2008 жылғы 1 қаңтарға - 602,5 мың адам; 2008 жылғы 1 қарашаға - 633,7 мың адам. 2009 жылғы 1 сәуірге 635 мың адам.
Бүгінгі күні Астана елдің іскерлік орталығы образына барынша жылдам еніп келеді. Барлық үкіметтік ұйымдар, шетел мемлекеттерінің елшіліктері, бірлескен кәсіпорындар мен шетел фирмалары жаңа астанада жинақталған. Әр жыл сайын қала түрлі халықаралық индустриалдық көрмелерге, конференцияларға және музыкалық фестивальдерге қонақтар қабылдайды.
Өңір климаты осы орын үшін ұзақ және қарлы қысымен ерекшеленеді. Көктем Кеш шығады, бірақ барынша әдемі, тек наурыз айының соңында басталады. Жаз қоңыржай жылы, нөмер мен күн сәулесін төккен күндер өте көп.
Астана экономикасы. Қаланың шаруашылық дамуына 1931-1936 жылдары салынған Қарталы теміржол үлкен әсер етті. Мынадай зауыттар бар: «Металлист», сорғылық, шойын құятын, вагон жөндейтін және машина жасау мен металл өңдеудің өзге кәсіпорындары. Бұдан басқа химия зауыты, жеңіл (былғары-пимаилеу зауыты, тігін фабрикасы) және тағам өнеркәісібі (ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер) кәсіпорындары, ағаш кесетін және кірпіш зауыттары, баспахана және т.б. бар. Астана маңында таус көмір шахталары мен уран рудниктері бар.
Валюта нарығы. Астана қаласының валюта нарығы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілеттік алған 25 филиалдарымен банктермен, 1 пошта байланысы ұйымымен, банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын 82 ұйыммен берілген. Қолма қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын 265 айырбастау тармағы атқарады (2006 жылы - 231 айырбастау тармағы болды).
Сыртқы экономикалық қызмет. Қаланың шалғай және таяу шетел мемлекеттерімен сауда ынтымақтастығы кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта 28 елмен ынтымақтастық етеді.
Сыртқы сауда айналысы. Егер сыртқы сауда айланысының дамуын қарастырсақ, 2007 жылы ол 8,7 млн. АҚШ долларын құрап 2006 жылмен салыстырғанда 54,5%-ға артты, оның ішінде ТМД елдерімен 1,9 млрд. АҚШ доллары (өткен жылдармен салыстырғанда 1,5 есе артты), ТМД тыс елдермен - 6,8 млрд. АҚШ долларын (1,6 есе артты) құрады. 2008 жылғы қаңтар - қыркүйек ішінде сыртқы сауда айналысы 8,3 млрд. АҚШ долларына жетті, өткен жылдың балама кезеңіне өсу қарқыны 32,7% құрады.
2008 жылғы қаңтар - қыркүйек ішінде экспорттық жеткізулер 5 579,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 2007 жылғы балама кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе артты.
Астана экспорты нақты білінетін географиялық бағытқа ие: ТМД тыс ел үлесі 2008 жылғы қаңтар - қыркүйек ішінде экспорттың жалпы көлемі 94,5%, ТМД елдері - 5,5% құрады, негізгі тұтынушылар санына Швейцария (58,3%), Франция (16,8%), Қытай (5,7%), Түркия (3,3%), Ұлыбритания (2,3%), Ресей, Беларусь (0,7%), Нидерланды (0,5%) жатады.
Астанаға импорттың барынша жоғары көлемдері Ресейден (27,8%), Германиядан (13,5%), қытайдан (7,3%), Түркиядан (6,6%), Украинадан (4,8%), Италиядан (3,3%), Беларусьтан (0,7%) жасалды.
Импорт жеткізілімдерде қарастырылатын кезеңде 1 526,2 млн. АҚШ долл. құраған машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын, құралдар мен аппаратураларды енгізу болып табылады (алдыңғы жылға қатысты 0,9 есе төмендеу байқалады).
Қазіргі уақытта астананың әлемнің 90 елімен сыртқы сауда жұмыстары белсенді жүргізіледі, оның ішінде бауырлас қатынастар байланыстыратын ел астаналары: Мәскеу, Минск, Кишинев, Киев, Сеул, Рига, Варшава, Будапешт, Баку, Каир, Бангкок, Берлин, Вильнюс, Анкара, Ташкент, Пекин және т.б.
2008 жылғы бағалау бойынша сыртқы сауда айналысының көлемі 10,4 млрд. АҚШ долл. құрады және 2007 жылға 20% -ға артты, оның ішінде экспорт - 6,0 млрд. АҚШ долл., импорт - 4,4 млрд. АҚШ долл.
Астаналар мен ТМД елдерінің ірі қалаларының халықаралық ассамблеяларымен ынтымақтастық шегінде 2008 жылғы 3-4 сәуірде Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен «Мегаполис: XXI век» І халықаралық форум өтті, онда Достастық тарихында бірінші реет «ТМД ең үздік қаласы» байқауы өтіп, оған ТМД елдерінің 100 қаласы мен астаналары қатысты. Тоғыз номинацияда Қазақстан астанасы - Астана жеңімпаз атанды. Астана мына санаттарда: тұрақты және динамикалық даму, тиімді басқару және өзін өзі басқару, қазіргі заман технологияларын енгізу, әлеуметтік қорғанысты дамыту, тарихи - мәдени мұраны сақтау, абаттандыру мен көгалдандыруды ұйымдастыру.
Туризм. Экономикалық белсенділік, инвестициялардың өндіріс пен қызмет көрсету саласына келуі, көлік әлеуетін пайдалану астананың қазіргі заманғы инфрақұрылымының қалыптасуымен тікелей байланысты.
Астананың халықаралықәуежайында әуе кемелерін және бизнес - авиацияны техникалық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы орталықтары құрылған, астананы шалғай және таяу шетелдермен байланыстыратын бағдарлар саны кеңейіп келеді.
Бұл істеркелік, танымдық кіріс туризмін дамытуға көмектесетін болады, бұл жағдайда бүгінгі күні Астанада шетел қонақтарының қызығушылығын арттыратын бірнеше бірегей нысандар бар, театрлар, көрмелік және көңіл көтеру орталықтары, цирк, океанариум бар, қорықтар мен шипажай орталықтары қатар орналасқан.
2006-2007 жылдар кезеңінде Астана қаласында келу туризмінің көрсеткіштері 60%-ға 52963 -ден 84789 адамға артты, кету туризмі 16,7%-ға, 31131 -ден 25923-дейін адамға төмендеді, ішкі туризм 26%-ға 256204-тен 322879 адамға артты.
Туристік фирмалар саны 47,3 %-ға артты 2006 жылғы 74-тен 2007 жылы 121-ге жетті. Сондай-ақ өзге өңірлердің 12 туристік фирмаларының филиалдары мен өкілдіктері өз қызметтерін жүзеге асырады.
Туристік нарық құрылымын талдау туристік фирмалардың негізгі бөлігін қызметері кету туризміне бағытталған туристік агенттіктер құрайды. Бұл кету туризмінің қызметтің барынша пайдалы түрі болып табылуымен және туристік өнімді қалыптастыруға елеулі материалдық шығындарды талап етпейтіндігімен негізделген.
Қаланың туристік қызметтен пайдасы 2006 жылғы 6,2 млрд. теңгеден 2007 жылы 7,8 млрд. теңгеге арттыү Осы көрсеткіш қонақ үйлер қызметінен, жолдамалардың жалпы құнынан, көрсетілген визалық және экскурсиялық қызметтердің, сондай-ақ орындар броньдау бойынша қызметтерденг болған пайданы қамтиды.
Туристік қызметтің даму қарқынын есепке алып 2008 жылы осы саланың көрсеткіштер өсуі шамамен 8% құрады.
Мәдениет. 2008 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша қалада 66 мәдениет мекемесі мен кәсіпорындары, оның ішінде 58-жергілікті мәндегі кәсіпорындар жұмыс істейді. 2006 жылмен салыстырғанда мәдениетті ұйымдастыру желісі 14 бірлікке артты.
Астанада К. Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, драма театрлары, көптеген мұражайлар жұмыс істейді.
Астана ескерткіштері - қаланың жаңа бейнесі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтары құрметтейтін оның тарихы арасында байланыстырушы элементтер.
Сондай-ақ төрт жоғары оқу орны, Ақмола облыстық филармония, кітапханалар бар. Мәдени - ағарту мекемелеріне қаланың Конгресс-холын, Жастар сарайын және Президенттің Мәдениет орталығын жатқызуға болады.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешен - ашық аспан астындағы мұражайға экспозияцияларды толықтыру енгізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі: 2006 жылы экспозиция 77-ге, 2007 жылы - жаңа 52 макетпен толықтырылды. 2008 жылы «20 әлем ғажайыбы» әлемдік мекеттері дайындалып таныстырылды.
Астана Астана мәдениетін әлемдік музыка аренасына таныстырыып жүрген біздің ұжымдар мен жеке орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігі туралы айта алады. Бұл халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттарының санымен расталады - 62 адам.
Ұжымдардың шығармашылық дамуына гастрольдік сапарлар септігін тигізеді. Театр ұжымжарының гастрольдік сапарларына қала бюджетінен 2006 жылы 38 422 мың теңге, 2007 жылы - 10 785 мың теңге, 2008 жылы - 32 039 мың теңге бөлінді.
2008 жылы бюджет қаражаты есебінен Тәуелсіздік сарайының, «Жер Анна», «Қазақ елі» тәуелсіздік монументтерінің және өзге де инфрақұрылымдық нысандар қатарының құрылысы аяқталды.
Спорт. Спорт шеберлігінің сапалы өсуі мен халықаралық кластағы астаналық спортшыларды тәрбиелеу үшін 2006 жылы Олимпиадалық резервті дайындау орталығы ашылды, оның негізгі қызметі қаланың перспективалы жас спортшыларын оқу - эаттықтыру процесін ұйымдастыру, елдің ұлттық құрамасы үшін резервті дайындау болып табылады. Бұндай спортшылар саны бүгінгі күні 98 адамды құрайды.
Балалар - жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінің саны өсіп келеді. 2006 жылы олардың саны 5804 болса, 2007 жылы - 6000-ды құрады. Осы кезең ішінде спорт мектептері мен клубтарының 103 тәрбиленушісіне «спорт шебері» атағы, 25 тәрбиленушіге «Халықаралық кластағы спорт шебері» атағы берілді.
2006 жылғы 15 Азия ойындарында басты континенталдық жарыстарда астаналық спортшылар 23 медальден 11-ін қазақстандықтар жеңіп алды.
Жазғы республикалық спартакиада қорытындысы бойынша елдің 16 өңірі арасында Астана қаласының көркем гимнастика бойынша командасы бірінші орынға, дзюдо - екінші орынға, байдарка мен каноэдаесуден - 2 орынға ие болды.
Спорт құрылымдарының өсуі байқалады. Егер2006 жылы құрылымдар саны 421 болса, 2007 жылы - 452-ге жетті. Қаладабірінші реет жалпы білім беретін мектептер аумағында жасанды жабынды футбол алаңдары пайда болды. Жазықтықты спорт құрылымдарының саны 17 бірлікке артты. Жасанды жабынды футбол алаңдарының саны 14 бірлікке артты. Үстіміздегі жылы қалалық мәдениет саябағы алаңында 2 алаң, жалпы білім беретін мектептер аумағында 12 алаң пайдалануға енгізілді.
2007 жылы Көктал - 1 кеңшарында «Олимп» күрес жаңа спорт залы пайдалануға тапсырылды. Бұдан басқа 2009 жылы 30 000 отырғызу орнына арналған Олимпиада стадионы, Республикалықвелотрек, 10 000 отырғызу орнына ие конькимен сырғанау стадионы, 2 500 отырғызу орнымен теннис корты сияқты ірі спорт құрылымдарының құрылысы жалғасып келеді.
Технологиялар мен инновацияларды дамыту. 2007 жылы тәжірибелік - құрастырымдық әзірленімдер мен инновациялық жобаларды қаржылай қолдау жүзеге асырылатын «Ұлттық инновациялық қор» АҚ қаладан жеті тәжірибелік - құрастырымдық әзірленімдер мен инновациялық жобаларды және екі инновациялық жобаларға өтінім бағытталды. 2007 жылы «Керемет IT» ЖШС - орыс тілінен қазақ тіліне және кері аударудың Интернет бейімделген жүйесін құру бойынша тәжірибелік - құрастырымдық әзірленімдер жобасын қаржыландыруды алды. Қалған жобалар сараптауда жатыр.
2006-2008 жылдар кезеңінде іске асырылған инвестициялық жобалар қалада инновациялық технологияларды пайдаланып тауарлар шығаруға мүмкіндік берді (құрылыс материалдары, тағам өнімдері). Мысаты макарон бұйымдарын өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырған «Цесна Мак» ЖШС макарон бұйымдарын өндіру бойынша жабдықтар өндіретін әлемдегі белгілі «Buhler» Швейцария компаниясының технологиясы бойынша өнгімдер шығарады. «Apple City Food» ЖШС Еуропада әйгілі «Schirinhoffer» Австрия компаниясының технологиясы бойынша ет өнімдерін (шұжықтар) өндіруді жүзеге асырады. «Астана Брик» ЖШС «Bedesski» Италия технологиясы бойынша қыш кірпіштер өндіреді.
Инновациялық қызметті дамытуға көмек көрсету мақсатында тұрақты негізде ЖОО, ҒЗИ және тәжірибелік - конструкторлық әзірленімдер мен инновациялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ қаржылық даму институттарының қатысумен ғылыми - техникалық даму (ынтымақтастық үшін келіссөз алаңдарын құру) бойынша комиссия отырыстары өткізіледі. Бұдан басқа құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жиһаз жасау саласында қазіргі заман технологияларының көрмелері мен конкурстарын өткізу жүзеге асырылады.
Астана қаласының 2009-2011 жылдарға әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттары Инвестициялаудың негізгі бағыттары: мемлекеттік басқару нысандарын салу, сауда, автомобильдер мен тұрмыста пайдаланылатын бұйымдарды жөндеу, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, электр энергиясын, газ және су өндіру.
Жапония үкіметі Берген сыртқы қарыз қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен ресми трансферттер есебінен «сумен жарақтау және су жеткізу» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкесосы жобаны іске асыру кезеңі 2004-2009 жылдар.
«Астана - жаңа қала» ЕЭА әрі қарай даму алады. Норманн Фостер жобасы бойынша бүкіл әлемде баламасы жоқ Хан шатыры мәдени - көңіл көтеру орталығын аяқтау жоспарланып отыр. Жоба өзімен болат мачталармен демелетін шатырды білдіреді. Ғимарат ортасында кең иілгіш алаң салынған, онда мәдени іс-шаралар жинақталған және көңіл көтеру мен көрме қызметі жүзеге асырылады. Хан Шатыры көңіл көтеру орталығымен қатар үлкен жабық автотұрақ, кафетерийлер, барлар, мейрамханалар мен кинотеатрлар, алаңы 40 000 м2 жеке және сауда дүкендері салынып бос уақытты әр түрлі өткізу мүмкіндіктерін береді.
М. Николетти жобасына сәйкес 3500 мың орындық әмбебап кино-концерт залы салынады. Онда симфониялық, классикалық және қазіргі заман музыкасы концерттері, балет спектакльдері, конгресстер, кино көрсетілімдер мен саяси іс-шаралар өткізілетін болады.
ЕЭА аумағында салынатын барынша ірі нысандар арасында мыналарды бөліп алуға болады:- Астана қаласында 30 000 орындық жабық стадион» - қаланың сәулеткерлік келбетінде елеклі нысан болып табылатын болады. Соңғы жылдардың қазіргі заман жетістіктері мен технологиялары осы жобаға енгізіледі. Мінберлер жабық күйде жасалады, ол үшін төбенің сырғымалы жүйесі әзірленген. Футбол матчтерінен басқа олимпиадалық спорт түрлері бойынша дарыстар жүргізу мүмкіндігі болады.
- «Республикалық велотрек», жалпы алаңы 46 800 м2, мінберлер сиымдылығы 9 200 орын, онда велосипед орталығы, қонақ үй кешені, оқу орталығы, сауықтыру - көңіл көтеру кешені орналасатын болады.
- «Санкт-Петербург» сауда орталығы. Жалпы алаңы 17889,5 м2, сауда орталығы -2 қабат, кеңселер, бутиктер, мейрамханалар, 33 орынға автотұрақ, мұнара түрінде кеңсе үймараттары - 17 қабат.
Елдің басқару және ғылыми - техникалық қауымының жаңа буынын оқыту және тәрбиелеу, әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкесетін ғылыми және кәсіби кадрларды даярлау мақсатында Астана қаласында «Жаңа университет» ғылыми - білім беру кешенінің құрылысы басталды.
Үстіміздегі жылы «Батығай» кешенінің құрылысы басталады. «Батығай» кешені қала ішіндегі қаланы білдіреді, яғни ортада жабық кешен орналасады, онда мектеп, аурухана, кеңсе үймараттары, сауда орталығы, көңіл көтеру орталығы мен кинотеатр орналасатын болады. Жабық қала жобасы кешен шегінен шықпай қала тұрғындары мен қонақтарының барлық мүмкін қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жабық тұрақты тұрғын үйлер, қонақ үй, бизнес орталық, спорт кешені, кафетерийлер және мейрамханалар жабық орталықпен тгоннельмен байланыстырылатын болады.
2009 жылы жаңа, одан да артық үлкен ғимаратты салу басталады - «Абу Даби Плаза Астана» - 88-қабатты бірнеше пішінді кешен, оны араб инвесторлары салады, бірден төрт қонақ үйден, бірнеше бизнес - орталықтардан, кеңселер, дүкендерден тұратын болады, Бұдан басқа кешенқ құрамына тұрғын үйлер жиынтығы кіретін болады. Абу Даби плаза Астана жалпы алаңы - 550 мың квадрат метр. Кешеннен әуежайға дейін теміржол магистралін салып, ол бойынша жылдамдығы жоғары электричкалар жүретіні жоспарланып отыр.
Астана қаласында демографиялық және көші - қон жағдайы тұрақтанған. Астана қаласының халық тұрғынының есептелген саны 2011 жылға қарай 852 мың адамды құрайды және 2008 жыл көрсеткішіне 32,9% артатын болады. Осы көрсеткіш қала түзетін мәндегі кәсіпорындар мен мекемелердің еңбеккерлері санынан шығып белгіленген (жобалау нормаларына сәйкес халықтың қала түзетін тобы 35-40% құрайды).
Технология мен инновацияларды дамыту. Қазіргі уақытта Индустриялдық парк аумағында құрылыс материалдарын, машиналар мен жабдықтар, резеңке және пластмасса бұйымдарын, жиһаздарды әлемдеәйгілі компаниялар технологиялары бойынша өндіру саласында инвестициялық және инновациялық жобалар қатарын іске асыру жүргізіліп жатыр.
Құрылатын парк шегінде алдыңғы қатарлы жобаларды салу басталады: жылына автомашиналар шығару көлемі 4 млн.-ге дейін «Нокиан» зауыты, «General Electric Company» локомотивтер жинақтау зауыты, «Apple city» логистикалық орталығы.
Осы жерде «Ланкастер групп Казахстан» АҚ поликристалл кремнийді шығару бойынша бірегей технологиялы зауыт құрылысы белгіленген, өзге де инновациялық өндірістер құрылады, көліктік терминалдар мен логистикалық орталықтар құрылады.
Индустриалдық - инновациялық даму стратегиясын іске асыру бойынша дамуинституттарының перспективалы жобалары. Перспективалы инвестициялық жобаларға «Қазақстан даму банкі» АҚ қаржыландыратын жобалар жатады.
«Lokomotiv-leasing» ЖШС жобасы локомотивтік- жинақтау зауытының құрылысы. Жоба құны 125 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауыт күші жылына 100 локомотивті құрайды.
«KUN Renewables» ЖШС жобасы поликристалл кремний өндіру бойынша зауыт құрылысы. Жоба құны 350 млн. АҚШ долларын құрайды Жобаны қаржыландыру «Қазақстан даму банкі» АҚ қарыз қаражаты - 70% және меншікті қаражат - 30% есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Орdabasy-NOKIAN TYRES» АҚ жобасы «Нокиан» компаниясының технологиясы бойынша автомобиль шиналарын өндіру бойынша қауыт құрылысы. Жоба құны 200 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаны қаржыландыру «Қазақстан даму банкі» АҚ қарыз қаражаты - 75% және меншікті қаражат - 25% есебінен жүзеге асырылатын болады.





