Алматы қаласының елтаңбасы 1993 жылдың шілдесінде бекітілген болатын. Алматы қаласы елтаңбасы композициясының авторы суретші Ш.О. Ниязбеков болып табылады.
Алматы қаласының елтаңбасына келесі көркемдік-сәндік элементтер кіреді:
- барлық елтаңбаның түсі – көгілдір – Қазақстан Республикасы туының түсі болып табылады. Шеңбер екі сәндік сызықты баулармен және уық ұяларымен, яғни шаңырақ элементтерімен қамтылған. Алтын түстің үстінде қызыл түспен сақинаның бойында қазақ ою-өрнегі салынған, ол «Алматы» сөзіндегі бірге шрифтпен өріледі.
Елтаңбаның ортасында елтаңбаның негізгі мазмұнын бейнелейтін қысқы барыс аузында ұстап тұрған алма ағашының гүл шоғыры, ал ең жоғарғы жағында сақинаның ішінде таудың бейнесі орналасқан.
Қала елтаңбасы Алматы қаласының саяси, экономикалық және табиғи факторларының бейнесі болып табылады.