Алматы - Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы, елдегі ірі мегаполис болып қалады. Елдің оңтүстік - шығысында орналасқан. Халқының саны 1,3 млн.нан астам адамды құрайды.
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің ортасында, Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығысында, ұзындығына 77 градуста және орташа ендікте 43 градуста Тянь-Шанның ең солтүстік қыратында - Іле Алатауының баурайында орналасқан. Онымен бір параллельде Гагры мен Владивосток орналасқан.
Климат қалада шұғыл-континентальды, температура жыл бойына және тәулік бойына шұғыл өзгеріп тұрады. 500 м кем биіктіктен қала көшелері солтүстікке далаға шығып ыстық Каскелең маңындағы Мойынқұмға тіреледі. Оңтүстік тұрғын үйлер массивінде теңіз деңгейінен 1500-1700 м биіктікте, Медеу және Тас Платосында мұздақтар лебі сезіледі.
Қала экономикасы. Бірнеше ірі көлік тораптарына: теміржол және шосселік жолдар, әуежайға ие.
90 жылдардыңбасына дейін қала экономикасы тағам, жеңіл және ауыр өнеркәсіпке негізделді. Өнімдердің негізгі көлемі қаланың өзінде (халқы 1983 жылы миллион тұрғыннан асты), ел ішінде, сондай-ақ бұрынғы ССРО өзге республикаларында сатылды.
Сыртқы экономикалық қызмет. Бүгінгі күні Алматы қаласында көптеген аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер (елшіліктер мен консулдықтар), сондай-ақ БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б. халықаралық ұйымдардың өкілдіктері орналасқан.
Алматы қаласында 19 қала ағасы бар, олармен сауда - экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени бағытта өзара тиімді ынтымақтастық етуге келісімдерге қол қойылған:
- таяу шетел: Мәскеу, Казань, Санкт-Петербург, Минск, Бішкек, Челябинск, Вильнюс, Рига.
- шалғай шетел: Тусон (АҚШ), Ренн (Франция), Тэгу (Оңтүстік Корея), Урумчи (КХР), Тель-Авив (Израиль), Стамбул (Түркия), Будапешт (Венгрия), Земля Нижняя Австрия, Александрия (Египет), Округ Аурих (Германия), Модена (Италия).
Теміржол. Қалада екі теміржол вокзалы жұмыс істейді: Алматы-1 және Алматы-2.
Алматы-1 Ресейдің сібір облыстарынан Орталық Азияға жолында транзитті вокзал болып табылады, қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан.
Алматы-2 вокзалы қалалық болып табылады, қала ішінде орналасқан және Алматыға келетін жолаушыларға арналған.