скачать русское порно торрент
Ошибка
  • XML Parsing Error at 1:330. Error 9: Invalid character
  • XML Parsing Error at 1:330. Error 9: Invalid character
НОВОСТИ
физическая культура и спорт
You are here:   7 AWG Қонақтарына Қазақстан туралы >>> Жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

16.12.2009 03:51
Печать PDF

Қазақстан туралы жалпы мәліметтер

Астанасы: Астана.

Алаңы: 2 717 300 кв. км.

Халқы: 16 млн 304 мың 840 адам (халық санағы - 2009 жыл алдын ала қорытындылары)

Әкімшілік бөліну: Республика құрамында 14 облыс және республикалық мәнге ие үш қала бар.
Валюта: Қазақстан теңгесі (100 тиын).

Географиялық орналасуы: Қазақстан - Орталық Азиядағы мемлекет. Оңтүстік - батыста Каспий теңізімен шектеседі. Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түкрменстанмен шектеседі. Батысында Каспий маңы мен Тұран ойпаттары, Орталық бөлігінде - Қазақ шағын шоқылық аудандар, солтүстік-оңтүстік бөлігінде Батыс-Сібір жазықтықтары, Шығыс пен Оңтүстік - Шығысында - Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауының, Тянь-Шань таулары.

Климат: Климаты шұғыл континентальды. Орташа температуралары қаңтарда солтүстігінде -18 С-тан, оңтүстігінде -3 С-ке дейін, шілдеде солтүстігінде 19 С  және оңтүстігінде 30 С. Солтүстігінде шауын- шашын жылына шамамен 300 мм, шөлейтті жерлерінде кемі 100 мм, тауларында жылына 1 600 мм.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен бірге ресми орыс тілі пайдаланылады.

Ресми мерекелер:

01, 02 қаңтар - Жаңа жыл

08 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

22 наурыз - Наурыз мерекесі

01 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі

09 мамыр - Жеңіс күні

06 шілде - Астана күні

30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституция күні

25 қазан - Республика күні

16, 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Мемлекеттік құрылым

Қазақстан - Қазақстан Республикасы өзін демократтық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп санайды, жоғары құндылықтары Адам, оның өмірі, құқығы мен еркіндігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы басқарудың президенттік нысанымен бірлестіруші мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентің елбасы, мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағдарларын анықтайтын, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралық қарым-қатынастарда қызмет атқаратын ең жоғары лауазымды тұлға болып табылады.

Республика Президенті - халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституция, Адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің мызғымастығының белгісі мен кепілі.

Республика Президенті барлық мемлекеттік билік тармақтарының келісілген жұмысы пен билік органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев.

Атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметін басқарады.

Үкімет алқалық орган болып табылады және барлық өз қызметінде Республика Президенті алдында, ал Конституциямен қарастырылған жағдайларда - Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты болады.

Үкімет құзіреті, ұйымдастыру мен қызметі тәртібі Конституциялық заңмен анықталады.

Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституциямен қарастырылған тәртіпте құрады.

Үкімет құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Республика Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күндік мерзімде Премьер - Министр енгізеді.

Үкімет мүшелері халыққа және Қазақстан Президентіне ант береді. Атқарушы билік органдарының жүйесі министрліктер, қызметтер мен агенттіктерден тұрады. Үкімет басшысы - премьер-министр Кәрім Мәсімов.

 

Қазақстан Республикасының Парламенті заңнамалық қызметтерді жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілдік органы болып табылады.

Парламент өкілеттігі Конституциямен қарастырылған жағдай мен тәртіпте мерзімінен бұрын тоқтатыла алады.

Парламентті ұйымдастыру мен қызмет етуі, оның депутаттарының құқықтық қалпы Конституциялық заңмен анықталады.

Парламент тұрақты негізде әрекет ететін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Сыртқы саясат. Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестері - Ресей, Қытай және ЕО.

Қазақстан ТМД, ШОС, СВМДА, ЕуразЭС және ОДКБ мүшелері болып табылады.

Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру туралы бағдар жарияланған.

Экономика. Қазақстан Орталық Азиядағы барынша дамыған ел болып табылады.

Өнеркәсіптің жетекші салалары: түрлі-түсті және қара металлургия, химиялық, машина жасау, жеңіл және тағам өнеркәсіптері. Сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру мен кен игеру өнеркәсібі (көмір, мұнай, табиғи газ, темір рудасы, мыс рудасы, қорғасын-мырыш кендері, никель кені, бокситтер мен өзге де пайдалы қазбалар) дамыған.

Ауыл шаруашылығы - астық дақылдарын, оның ішінде басты үлгіде қатты бидай сорттарын өсіру. Сондай-ақ жем-шөптік және техникалық дақылдар өсіріледі: күнбағыс, шитті мақта, зығыр. Жеміс шаруашылығы, жүзім өсіру, бақша шаруашылығы бар. Мал шаруашылығы ет-жүнді қой шаруашылығымен, ет және ет-сүтті қара мал шаруашылығымен көрініс тапқан.

Ірі шипажайлар: Бурабай, Алма-Арасан, Сарыағаш, Кендерлы.

2007 жылғы 1 шілдеден бастап шикізат саласы бойынша пайда (оның ішінде мұнай сату бойынша да) Ұлттық қорға өткізіледі. Осы үлгімен үкімет қолында болатын бюджет «мұнай ақшасынсыз» қалыптастырылады.

Қазақстандағы мәдени іс-шаралар. Жыл сайын Қазақстанда «Еуразия» халықаралық кинофестиваль өткізіледі. Негізгі параметрлері бойынша фестиваль бағдарламасы «шығыс - Батыс» мәдени көпір ретінде құрылған, сондықтан «Еуразия» шегінде Шығыс мен Батыс өкілдерінің әйгілі режиссерлерінің картиналарының ретроспективалары өткізіледі. Фестивальдебарлығы Еуропа, Азия, Америка, ТМД мен Балтық елдерінің кинематография қызметінің жүз отыздан астам елі қатысады. Іс-шараға Ким Ки Дук, Эмир Кустурица, Жан Клод Ван Дамм, Микеле Плачидо, Катрин Денев және т.б. әйгілі адамдар қатысты.

Спорт. Қазақстанда барынша дамыған спорт түрі - футбол. Футбол бойынша елдің әрекеттегі чемпионы - бір атаулы қаладан шыққан «Ақтөбе» ФК болып табылады. Сондай -ақ жақсы деңгейде хоккей де дамыған. Өскеменнің хоккей мектебі әлемге әйгілі бірнеше хоккейстерді баптап шығарды, олардың ішінде: ССРО, әлем мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, ССРО-Канада бірінші ойындар сериясына қатысқан Евгений Поладьев, олимпиада чемпионы Борис Александров, әлем чемпионы Юрий Леонов, қазіргілердің ішінде - Евгений Набоков (Сан-Хосе Шаркс (NHL) қақпашысы), Турин Олимпиадасында Ресей құрама командасында), Дмитрий Патцольд (Сан-Хосе Шаркс (NHL) қақпашсысы, 2007 әлем чемпионатында Германия құрамасында), Николай Антропов  (Торонто Мэйпл Лифс (NHL)), Евгений және Александр Корешковтар (ұзақ уақыт бойынша магнитогорлық Металлург құрамында ойнады, қазір ресей хоккейінің нәтижелі ойыншыларының бірі болып табылады), Виталий Еремеев (мәскеулік Динамо қақпашысы), Виталий Колесник (мәскеулік Химик қақпашысы), Вадим Тарасов, Новокузнецкілік Металлург құрамында Ресей чемпионатының ең үздік қақпашысы деп танылған, Ресей чемпинонатының бірнеше дүркін чемпионы Алексей Трощинский және тағы басқалары.

Қазіргі уақытта Қазақстанда хоккей белсенді дамып келеді. Қазақстаннан КХЛ «Барыс» командасы ойнайды. Әйгілігі жағынан футбол мен хоккейден кейін Қазақстанда велоспорт болып табылады. 2006 жылы Қазақстанның ірі компаниялары демеуші болып табылатын, «Астана» әлемде күшті кәсіби команда құрылды. Қазақстанда велоспорт бойынша қатты соққыны 2007 жылы алды, онда елдің ең үздік велоайдаушылары Александр Винокуров мен Андрей Кашечкин допинг қолданды деп кінә тағылды. 2002 жылы «Астана» командасы үшін Тур де Франс жеңімпаздары: Альберто Контадор (Испания), Андреас Клёден (Германия), Леви Лефаймер (США) мен Андрей Мизуров, Максим Иглинский мен Асан Базаев бастаған қазақстандық вело жарыскерлер қатысады. 2009 жылы командаға Тур де Франс бірнеше реет чемпионы Лэнс Армстронг қосылды. Сондай-ақ Қазақстанда «Ұлан» жастар кәсіби командасы бар.

Спорттың жеке түрлерінен дәстүрлі қазақтық болып бокс пен күрес саналады.

 

скачать торрент спорт