Қазақстан Республикасында 7-қысқы Азия ойындарының
Эстафета алауын өткізу тұжырымдамасы
Астаналық дирекцияға қысқы Азия Ойындарының тарихында бірінші рет Эстафета алауын өткізуді тапсырды. Бұл жоба өзінің ауқымдылығы мені маңыздылығы жағынан Азиаданың өзінен кем түспейді.
2011 жылғы 11 қаңтарда Азия Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің Эстафетаның алауы жағылады. Алаудың жағылу салтанатын барлық республикалық телеарналардан хабарлауды ұйымдастыру жоспарлануда.
Алау 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алу салтанатты рәсімінен соң Эстафета Оңтүстік астана көшелерінен жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады.
20 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, жаңа «Астана-арена» стадионында Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде мәресіне жетеді.
Қазіргі кезде талқыланып жатқан Республика аумағы бойынша Алау бағытының нұсқасы:
Эстафета барысын жол бойы телевизиялық топ түсіріп, күн сайын республикалық телеарналардың біреуінде күнделік нысанында эфирге шығуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Эстафетаны еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан миллиондаған қазақстандықтар тамашалап, осындай ірі спорт форумы - Азиаданың куәгері бола алады.
Эстафета алауының өткізілуі спортты, ерекше, балалар спортын дамуытудағы ең күшті қозғаушы күші болмақ. Сол үшін де эстафета алаугерлері дарынды да спортқа бейімді жастар болуы үшін алаугерлерді таңдау талаптарында жас деңгейін (әдетте 16 жас) төмендету туралы шешім қабылданды. Жалпы барлығы 800 алаугер болады деп жоспарлануда.
Пекин -2008 Олимпиада алауының Қазақстандық кезеңіндегідей Азиада-2011 алаушылар, байқау негізінде іріктеледі. Ең негізгі шарттары: белсенді спорттық және өмірлік ұстаным, патриотизм, Олимпиада идеясын ұстану.
Байқау шарттары www.asiada.astana.kz сайтына орналастырылады.
