НОВОСТИ

Астана дирекциясы

16.12.2009 11:16
Печать PDF

Дирекция туралы

Астана қаласының алдағы қысқы Азия ойындарына тиімді пайдалануы мақсатында Астана қаласы әкімінің 2008 жылғы 25 шілдедегі №35-847п қаулысымен Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жанында «7-қысқы Азия ойындарын және Олимпиада алауының  эстафетасын өткізу бойынша қалалық дирекция» МҚКК құрылды. Бүгінгі күні дирекция материалдық - техникалық базамен жабдықталған, спорттық - жаппай және қызықты іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жетекші мамандардан штат қалыптастырылды, ірі спорт форумдарын өткізу саласындағы шетелдік кеңесшілер шақырылды.

Үстіміздегі жылы қаңтар айында Астана қаласы әкімінің №35-25п қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті құрылды, оған қала қызметтерінің барлық басшылары кірді. Қала құрылымдарын Азия ойындарына даярлау бойынша іс-әрекеттер жоспары әзірленіп бекітілді. Ойындарды даярлау бойынша іс-әрекеттерді жалпы үйлестіруді жүзеге асыру қысқы Азия ойындарының астаналық дирекциясына жүктелді.

Азиаданың басталуы және Эстафета

7-қысқы Азия ойындарының ресми бөлігі 2011 жылы қаңтардың 30-ынан 6 ақпан арасында Астана және Алматы қалаларында өтеді. Бірақ Азияда нақты ерте басталады, себебі 1 қаңтарда Олимпиада алауының  эстафетасының басталуы жоспарланған -оны Астана Дирекциясы ұсынды. 31 қаңтардың түнінен 2011 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Эль-Кувейтте Азиада оты туындайды, ол 2 қаңтарда 6-қысқы Азия ойындарының астанасы Чанчун қаласына келеді және 3 қаңтарда ол Алматы қаласына жеткізіледі. Отты салтанатты қарсы алғаннан кейін Эстафета Оңтүстік астананың көшелерімен өтеді, содан кейін өңірлерге тарайды. 27 күн бойына Алау бүкіл Қазақстан бойынша өтеді де Астанада Азия ойындарының ашылу салтанатын өткізу сәтінде мәреге жетеді.

Азиаданың Астанада өту бағдарламасының жобасы

Азия ойындарының Астана қаласында өту бағдарламасымен мынадай іс-шаралар қарастырылған:

- Азия Олимпиада кеңесінің Бас Ассамблеясының жиналысы (2011 жылғы 29 қаңтар, «Рэддисон» қонақ үйі);

- Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі,

(30 қаңтар, «Қажымұқан»  жаңа жабық стадионы);

- Конькиде жылдам сырғып жүгіру бойынша жарыс (31 қаңтардан 5 ақпанға дейін, конькимен сырғанау стадионы);

- Ерлер арасында шайбалы хоккейден жарыс

(28 қаңтардан 5 ақпанға дейін, «Қазақстан» спорт сарайы).

*жарыстар бағдарламасында өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін.

7-қысқы Азия ойындарын және Олимпиада алауының  эстафетасын өткізу бойынша қалалық дирекция» МҚКК

Дирекция мекен-жайы:

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 17 «А».

Тел./факс: 94-86-60.

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

 

Азиаданың басталуына дейін

Тіркеу