Логотип сипаттамасы
Өз кескінінде логотип көшпелі арба доңғалағының суретіне ұқсайды. Геральдикалық өнерде доңғалақ кеңістікте де уақытта да үнемі қозғалыс белгісін білдіреді. Тұрақты даму идеясының белгісі бола отырып логотип өмірдің алға қарқынды жылжуды білдіретін эмблема болып табылады.
Доңғалақ белгісі шеңбер белгісіне ұқсас, көне сенімге сәйкес Күн құдайының Жерді айналу идеясын білдіреді.
Осы үлгімен логотип күн белгісін білдіреді және өзіне өмір мен қуат сыйлайтын күн көзінің сәулелі энергиясын қамтиды.
Түс семантикасы
Түстік шешім (суық көк түс пен жылы қызыл түстің үйлесімі) динамика мен эмоциональды көтеріңкі күйді күшейтетін «көтеріңкі реңкке» жатады.
Көк - жайлылық, еркіндік, әділдік пен көңіл тоқтатуды білдіретін технологиялық салқын түс.
Қызыл - құштарлық, ұмтылыс пен жеңісті білдіретін жалынды түс.
Бұл екі түстің үйлесуі қысқы Азиада рухын білдіретін, өздігігнен жарық спорттық жарысты білдіретін, жоғары көңіл-күймен толтырылған және қар мен мұз қасында ашылатын мұз бен жалынның бірігу идеясын білдіреді.
Жоғарыдағы жарқыраған қызыл күн барлық Олимпиадалық Азиялық ойындар эмблемасының ажыратылмас бөлігі болып табылады.





